Кассациялық сот сатысы 

Кассация -латын тілінің quasso – талқандаймын, қиратамын, cassatіon – жою, бұзу – деген мағынаны білдіреді. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңа сот сатысы қолданысқа енеді.

Кассациялық сатыда істерді қарауды облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының төрағалық етуімен кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады. Бұл дегеніміз – кассациялық саты соты облыстық және оларға теңестірілген соттардың өкілеттігінде болғанын білдіреді.

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 7-бабының 14) тармағында, кассациялық саты – iстi бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына өтінішхаттар, ұсынулар, наразылықтар бойынша қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы – деп көрсетілген. Яғни кассациялық тәртіппен істерді қарау, тек Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының алқасына тиесілі өкілеттік.

Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.

Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылады.

Сондықтан, кассациялық саты сотын құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген көзқарасын дұрыс жағына өзгертіп, сенімін арттырады.

Қ.Нұржігітов

Қызылорда қаласының мамандандырылған

 тергеу сотының бас маман сот отырысының хатшысы

Апостиль түсінігі және қолдану тәртібі

Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан...

Республика күні – тәуелсіздіктің темірқазығы

Республика күні халқымыздың тарихындағы айрықша маңызға ие, мемлекетіміздің қалыптасуы...

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының...

Право быть разными и оставаться равными – казахстанская модель общественного согласия представлена в Варшаве

Равенство прав, уважение к культурному многообразию и доступность социальной...

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...