Кассациялық сот – маңызды реформа

Кассациялық сот – соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеретін жоғарғы сот бақылауының ерекше нысаны. Оның басты мақсаты – сот қателіктерін түзету, азаматтардың құқықтарын қорғау және сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ету.

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы ерекше орын алады. Азаматтардың сотқа деген сенімі – елдегі заң үстемдігінің басты көрсеткіштерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда кассациялық соттарды құру – Қазақстанның сот жүйесін жетілдірудегі маңызды реформалардың бірі болып саналады.

Кассациялық сот құрудың маңызы тек құқықтық салада ғана емес, қоғамдағы сенім мәселесінде де айқын көрінеді. Әлемнің көптеген дамыған мемлекеттерінде кассациялық сот жүйесі жұмыс істеуде. Еліміздің осы тәжірибені енгізуі – халықаралық құқықтық стандарттарға жақындауының нақты көрінісі. Белгілі бір бағыттағы істерді тұрақты қарайтын судьялар тәжірибе жинақтап, құқық нормаларын терең талдайды. Нәтижесінде қабылданатын шешімдердің сапасы артады.

Қорытындылай келгенде, бұл реформа сот жүйесінің сапасын арттырып, заң үстемдігін нығайтады және халықтың сотқа деген сенімін қалыптастырады.

Б.Ердәулет

Қызылорда қаласының мамандандырылған                                                     тергеу сотының бас маманы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығы ең алдымен заңның үстемдігіне,...

Тау кластері: Алматының жаңа туристік бренді

Алматы – табиғаты мен заманауи қалалық инфрақұрылымы үйлескен бірегей...

Объемы услуг почтовой и курьерской деятельности выросли на 1,1%

За январь-август 2026 года в Казахстане объем оказанных услуг...

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...