Kassa Nova банкінің 100 % акциясы сатылды

ForteBank Kassa Nova банкінің 100 % жай акцияларын Фридом Финанс инвестициялық компаниясына сату бойынша мәміленің жабылатыны туралы хабарлады.
2020 жылғы тамызда ForteBank Kassa Nova банкінің 100 % жай акцияларын сату жөніндегі шартқа қол қойылғаны жайында мәлімдеген болатын. Келісім құжаттарының жабылуы алдында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауын және басқа да қажетті рұқсаттарды алу ғана қалған.
Kassa Nova Банкі сапалы қаржылық қызмет көрсетуге маманданған, дербес, жақсы капиталдандырылған орта көлемді банк болып табылады.
Айта кетейік, ForteBank елдегі ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктердің бірі. AQR қорытындысы ForteBank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын растаған. 2020 жылы The Banker журналының нұсқасы бойынша ForteBank үшінші рет Қазақстандағы жыл банкі атанды. 2018-2020 жылдары ForteBank Global Finance нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі және 2019 жылы Asiamoney нұсқасы бойынша Қазақстандағы үздік банк болып танылды.

ГЛАВНОЕ ПРЕПЯТСТВИЕ В РАЗВИТИИ ОБЩЕСТВА

Проблема коррупции в современных условиях превратилась в проблему мирового...

Активная молодежь 

В МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ НА БАЗЕ YESSENOV UNIVERSITY СОСТОЯЛОСЬ ТОРЖЕСТВЕННОЕ...

Наблюдать и фиксировать: алгоритм прозрачности

В рамках подготовки к предстоящему референдуму по проекту новой...

По дипломатическим каналам

В СВЯЗИ С ОБОСТРЕНИЕМ ВОЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОЙ ОБСТАНОВКИ НА БЛИЖНЕМ ВОСТОКЕ...

Театр иллюзий: мечты и реальность

ЦИНИЧНЫЙ ПЛАН ОРГАНИЗАТОРОВ ФИНАНСОВОЙ ПИРАМИДЫ БЫЛ ПРОДОЛЖЕН В НОВЫХ...