Каспийге қандай қауіп төніп тұр? Министрлік жауабы

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияздың айтуынша, Каспий теңізінің деңгейі бірнеше өзгеріске ұшыраған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінде Каспий теңізіне қатысты отырыс өтті. 

«1900 жылдан 2023 жылға дейін оның деңгейі минус 25,7 метрден (1900) минус 29,01 метрге дейін өзгерді. Яғни 1900 жылғы ең жоғарғы деңгей мен 1977 жылғы ең төменгі деңгейдің арасындағы айырмашылық үш метрден асады. 2006 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендеп келеді және қазір Каспий теңізінің деңгейі — минус 29,21 метр, бұл — тарихи минимум», — деді министрлік өкілі.

Ведомство өкілінің сөзінше, теңіз деңгейі төмендеуі салдарынан теңіз су акваториясы солтүстік-шығыс бөлігі таяздығына байланысты қысқарған.

«Климаттық және антропогендік әсерлерден өзен ағыны төмендеуі, ауа температурасы көтерілуіне байланысты  булануы  артуы, аймақтағы жауын-шашын азаюы теңіз деңгейі төмендеуінің негізгі факторларына жатады. 2006-2023 жылдар аралығында Каспий теңізіндегі жауын-шашын 65 мм-ге азайды. Осы жағымсыз факторлардың барлығы Каспий теңізіне құйылатын судың азаюы аясында байқалады», — деді Болат Бекнияз.

Каспий теңізіне шамамен 130 өзен құяды, бірақ ағынның негізгі бөлігі Волга өзенінен келеді, бұл ағынның 80%-дан астамын қамтамасыз етеді. Жайық өзенінің ағысы жалпы ағынның 3%-ынан аспайды.

«Ғылыми бағалауларға сәйкес қазіргі климаттық үрдістер мен суды басқару режимдері сақталса, Каспий теңізінің деңгейі одан әрі төмендейді деп болжанып отыр», — деді ол.

Былтыр тасқын кезінде Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 17 км³ су құйылған. Кейінгі бес жылда Жайық өзені ағынының азаю үрдісі байқалған.

«Егер барлық Каспий маңы мемлекеттерінің бірлескен күш-жігері жасалмаса, 2030 жылға қарай теңіз деңгейі ғылыми болжам бойынша минус 29,5-30,2 м-ге дейін жетуі мүмкін», — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Каспийдегі экологиялық проблемалар күрделі екенін мәлімдеді. Ол депутаттық сауалында теңіз деңгейі айтарлықтай төмендегенін және оның биоәртүрлілігі құртылып бара жатқанын жеткізді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.