Каспий жағалауынан 40 өлі итбалық табылды

Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауында итбалықтың 40 өлексесі табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Лада» басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде итбалықтар өлексесінің видеосы тарап жатыр. Кадрларда көздері зақымдалған бірнеше итбалық теңіз жағасында жатқаны көрінеді.

Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий соңғы үш күнде ауа райының күрт құбылуына байланысты арнайы комиссия жағалауды тексеріп жатқанын айтты. Алдын ала жүргізілген сараптамадан кейін мәйіттерден физикалық зақым, жаралар немесе зорлық-зомбылық белгілері табылмады, дейді мамандар.

«Дауылдан кейін мамандар үнемі теңіз жағасын қарап, жануар өлекселері бар ма қарайды. Себебін медициналық сараптама анықтайды. Көздері қайтыс болғаннан кейін зақымданған. Өлі жануарлардың көзін құстар шұқып тастайды», — деді Андрей Руцкий.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.