Каспий мен Бозжыра – Димаштың халықаралық жобасының түсірілімі еліміздің ең көрікті жерлерінде жалғасып жатыр

Voice Beyond Horizon музыкалық жобасы – Димаш Құдайберген мен Hunan Broadcasting System бірлесіп жүзеге асырып жатқан бастама. Бұл жоба Қазақстанды миллиондаған көрерменге жоғары туристік әлеуеті бар ел ретінде танытады.

Халықаралық жобаның түсірілімі Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Шоудың финалы елордада ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Димаш Құдайберген мен жобаға қатысушылар Түркістан облысынан Ақтау қаласына ат басын бұрды. Түсірілім аясында Каспий теңізінің жағалауында және Қазақстанның ең әсерлі табиғи мұраларының бірі – Бозжыра шатқалында өнер көрсету жоспарланған.

Түсірілімге Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген талантты орындаушылар қатысып жатыр. Қатысушылардың кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.

Жобаға Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және өңірлік әкімдіктер қолдау көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, биыл Туризм және спорт министрлігі 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірледі. Үкімет қаулысымен қабылданған құжат өңірді 9 бағыт бойынша жүйелі дамытуға бағытталған. Бұл жоспар туристерді тартуға қолайлы жағдай жасап, өңірдің одан әрі дамуына қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...