12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Kaspi.kz қосымшасында Республикалық референдум туралы хабарландыру

Қазақстандықтар тікелей смартфоннан Kaspi.kz қосымшасында өзі дауыс беретін сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын таба алады. Егер сайлау учаскесі жоқ болса, байланыс орталығының телефон нөмірі автоматты түрде көрсетіледі. Сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Жақында біз қазақстандықтарға референдумда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тікелей смартфоннан білуге мүмкіндік беретін «Референдум» қызметін іске қостық. 5 маусымда бәріміздің болашақ ұрпақ үшін жаңа Қазақстанды құруға дауыс беретін бірегей мүмкіндігіміз бар! Біз Kaspi.kz командасы мемлекетке түрлі қызметтерді әрбір азаматтарға қолжетімді етуге көмектесу мен сүйікті тұтынушыларымыздың өмірін жақсартатын инновациялық қызметтерді жасауды жалғастырамыз.Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі

Республикалық референдум 5 маусымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланады. Қазақстанда соңғы референдум осыдан 27 жыл бұрын өткен болатын. Дәл сол кезде қазіргі Конституция қабылданды.

Kaspi.kz командасымен бірге еліміздегі ең танымал қосымшада «Референдум» қызметі жасалып, іске қосылды. Ол жерде сайлау учаскесі мен байланыс орталығының телефон нөмірін де таба аласыз. Сервисте осы тақырып бойынша ең танымал сұрақтарға жауаптар бар. Мысалы, референдумда кім дауыс бере алады, шетелде қай жерде дауыс бере алады және адам басқа сайлау учаскесінде дауыс бере ала ма, — деді ЦДИАӨМ вице-министрі Әсет Тұрысов.

Сервисті ҚР Орталық референдум комиссиясы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасап шығарды. Мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz командасының серіктестігі қосымшаға қазақстандықтардың өмірін жақсартатын бірқатар инновациялық қызметтерді біріктірді.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар көлігін қайта тіркеп, әлеуметтік шот ашып, жәрдемақы алып, жеке кәсіпкерді тіркеп және басқа да көптеген қызметтерді пайдалана алады. Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионға жуық адам пайдаланады.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...