Қәзіргі таңда Ішкі істер саласы тек ерлерге тән деген ұғым өзгеріп, ерлермен қатар, нәзік жандылар да осы салада қызмет атқарып келеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызмет болса да, 2018 жылдан бері осы салада қарқынды қызмет етіп жүрген капитан қыз Тілеубекова, қәзіргі таңда ҚАЖД №60 мекемесінің «Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру» бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны. Ол 2004-2008 жылдар аралығында Қорқыт ата университетінде «Бухгалтер» мамандығын, 2014-2018 жылдар аралығында Шымкент университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алады. Бала күнінде темірдей тәріпті талап ететін ішкі істер саласында қызмет атқаратын жандарға қарап қызығатын ол, бала күнгі арманының ұшқыны мені осы салаға алып келді, мен бұл салаға кездейсоқ келмедім,-дейді Толқынай Тілеубекова.
Оның айтуынша әкесі Батырхан осы салада ұзақ жылдар адал аброймен қызмет атқарып зейнетке шыққан, ал анасы Рая, балалардың тәлім-тәрбиесіне үлесін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан білікті ұстаз, аялы , үлгілі ана. Ата-анасы да оның таңдауына қарсы болмай, керсінше қолдау білдірген. Осы салаға келуіне түрткі болған жақындарым деп білемін,-дейді Толқынай.
«Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің» аға инспекторы, әділет капитаны Толқынай Тілеубекова мекемеде сотталған азаматтарды еңбекке тарту арқылы олардың өмірге деген көзқарасын өзгерту және түзелуіне жағдай жасау мақсатында жұмыстар жүргізеді.
Сонымен қатар, сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде олардың жасына, денсаулық жағдайына, еңбекке қабілеттілігіне қарай жұмысқа орналастыру Толқынайдың жауапкершілігіне кіреді.
Әр саланың өз қиындығы мен қызығы болатыны рас. Ал, капитан қыз мамандығының қыр-сырын терең зерттеп, зор білім жинаған нағыз маман иесі. Ол, өз саласындағы қиындықтарға барынша шыдамдылық танытып, өз жұмысына риза екенін жеткізеді.
«Еңбек етіп жүргенде адам бойында кәсіби дағды қалыптасады. Кәсіби біліктілігін дамытып, шыңдаған адам өз ісінің хас шебері. Менің қызметімде жұмсақтық та, қаталдық та керек. Сонымен қатар талапшылдық пен аса жауапкершілік қажет. Бұл менің өз қалауыммен таңдаған мамандығым. Сондықтан барлық қиындығына төтеп беруге дайынмын. Халыққа адал қызмет ету біздің міндетіміз, борышымыз. Бұл салаға саналы түрде келгеннен кейін соңына дейін жеткізуім керек»,-дейді капитан қыз Толқынай Тілеубекова.
Білімділік пен біліктілікті, жауапершілік пен сауаттылықты талап ететін маңызды саланың тізгінін ұстап жүрген тегеуріні мықты капитан қыз, өнерге де бір табан жақын. Өзінің әсем даусымен ән айтып, кез-келген отырыстың шырайын келтіріп жібереді. Әріптестер арасында сыйлы, абройлы. Әр адамның тек жақсылығын көре алатын, аз сөзді, көп істі маман. Осы саладағы мінсіз қызметтерінің арқасында Ішкі істер министрлігі мен ҚАЖ департаменті және мекеме тарапынан бірнеше төсбелгілер мен бірталай марапатарға ие болды.
Отбасы мен жұмысын қатар алып жүреген Толқынай қәзіргі таңда 1 қызды тәрбиелеп отырған ардақты ана.
№60 мекеме бақ іс жүргізшісі Ақалтын Байжанқызы