Кадрлық әлеуетті дамыту және ардагерлерді қолдау: Қостанай облысындағы тәлімгерлер кеңесі кездесуінің түйінді сәттері

2024 жылғы 10 шілдеде Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан «кадрлық қабілетті арттыру жылы» бастамасы шеңберінде тәлімгерлер кеңесінің маңызды кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты ардагерлерді қызметке тарту және қызметкерлерді антқа адалдық рухында тәрбиелеу және құқық қорғау органдарының дәстүрлерін сақтау бойынша жұмысты жандандыру болды.

Кездесуде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы шығарылды.Қызметкерлік тиімділігін артыру бағыттары белгіленді және тәртіпті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ерик Рамазанов ішкі істер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, ІІМ алғыс хаттарымен ардагерлерді марапаттады. Бұл ардагерлердің адалдығы мен кәсібилігі үшін лайықты марапатқа айналды.

Кездесуде құқық қорғау органдарындағы қызметтің ажырамас бөлігі болып қала беретін ардагерлерді қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда ішкі істер басқармасының ардагерлеріне көп жылдық үлестері мен тәжірибелері үшін ризашылықтарын білдіретін 10 алғыс хат табысталды.

Осылайша, кездесу Қостанай облысының құқық қорғау органдары ұжымының ішкі құрылымы мен рухын нығайту жұмыстағы маңызды кезең болды. Қорытындылар жасалды, одан әрі қадамдар белгіленді және ынтымақтастық пен қызмет дәстүрлерін құрметтеудің маңыздылығы атап өтілді.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі

Сулейменова Динара

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...