КӘСІПКЕРЛІК ҚАНАТ ЖАЮДА

Кез келген өңірдің өз алдына өркендеп, экономикасының дамуы, азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, тұрғындарының әл-ауқатының жақсаруы – тікелей кәсіпкерлік саласына байланысты. Бұл тақырыпты қозғағанда Ақмола облысындағы кәсіпкерлік саласының дамуын көзден таса қыла алмаймыз. Бүгіндері мұнда облыс аумағы былай тұрсын, бүтін ел ішін, алыс-жақын шетелге өнімін экспорттай алатын дәрежедегі кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеуде.

Ақмоланың Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасы жайлы көпшілік біле бермес, алайда бұл нысан шығарған өнімдер қазір шетелдіктердің қызығушылығын тудыруда. Өндірістік процесі мен қуаттылығы шетелдік компаниялардан қалыспайтын фабриканың жетістіктері мол. Биыл алғашқы 4 айдан аса уақытта құс фабрикасы 18,6 млрд теңгеге 18,7 мың тонна ет өндірген. Яғни, жылдық қуаты 60 мың тоннаға жуық. Тек құс етінің өзінен жылына 50 млрд теңгеден астам пайда түсіре алады. Цехтарда әлемдік өндірушілердің жабдықтары қолданылады, инкубациялау, өсіру, сою және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы заманауи технологияларға назар аударылған. Тіпті, Орталық Азия елдерінде осылайша жабдықталған құс фабрикалары санаулы. Макинск құс фабрикасы құс етін ішкі нарыққа тұрақты түрде жеткізіп отыруға қауқарлы, бұған қоса өнімді Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейге экспорттайды. Қазір ел Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған АӨК-дегі қайта өңделген өнімнің үлесін ұлғайту және оны 70 пайызға дейін жеткізу жөніндегі міндеті аясында жұмыс істеп жатқаны белгілі. Терең өңдеуді дамыту, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қолдау және жаңа кәсіпорындар ашуға жағдай жасау мәселелеріне басымдық берілген. Отандық өнімдер біздің нарық сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, шетелде де лайықты бәсекеге түсе алуы керек. Жаңа технологияларды интеграциялау маңызды, бұл өнімділікті арттырып, сапаға тікелей әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда Ақмолада орын тепкен аталған құс зауытының артықшылықтары өте көп. Біз айтып отырған Макинск құс фабрикасы өзге өңірлерге де үлгі бола бастады. Мәселен, қазір Өскеменде өз өндірісіндегі құс етінен шұжық өнімдері мен деликатестер шығаратын зауыт жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ таяуда Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарының аумағында өндірістік қуаты 240 мың тоннаны құрайтын құс фабрикасын ашу жоспары әзірленген. Міне, Макинск құс фабрикасын қоса алғанда үш кәсіпкерлік нысан жобасы ТМДдағы ең ірі жоба болады деп жоспарланып отыр. Дегенмен фабрика алдағы уақытта бұл межемен тоқтап қалмай өнімділікті арттыруға ниетті. Жалпы алғанда, елдің құс етіне деген ішкі қажеттілігін толық жабу азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Осы тұста Ақмола облысының азық-түлік өнеркәсібі қарқынды дамып жатқанын айта кету керек. Биыл өңірдің азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындары 52,6 млрд теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,3 пайызды құрайды. 2024–2026 жылдары жалпы құны 123,6 млрд теңгені құрайтын 74 ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарда бар. Қазір Үкімет Ақмола облысының әл-ауқатын жақсартуға мүдделі, сондықтан барлық жобалар бақылауда болады.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Татуласу институты түзетуді көздейді

Дау шешудің құқықтық мәдениеті қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан. Бұл...

Кассациялық соттарды құрудың маңызы

Құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында сот жүйесінің тиімділігі ерекше рөл...

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...