12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәсіби заңгерлерді дайындау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің маңызды мақсаттарының бірі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми-білім беру әлеуеті жоғары және әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуды мақсат тұтады. Үкіметтің 2022 жылғы 25 шілдедегі қаулысына сәйкес ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді және ҚазҰУ-дың 2022-2026 жылдарға арналған Даму Бағдарламасы бекітілді. ҚазҰУ өзінің академиялық және ғылыми қызметінен басқа маңызды мәдени және қоғамдық рөл атқарады. Университет мәдени іс-шаралар орталығы болып табылады, конференциялар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізеді. 2300 профессорлық-оқытушылық құрамға ие, 27 мыңнан астам студенттерге білім беретін еліміздегі маңызды беделге ие оқу орыны Қазақстанның болашағына әсері бар екені барлығымызға мәлім.

90-жылдық тарихқа ие Ұлттық университеттердің Заң факультетінің құрылғанынан келесі жылы 70 жыл толады. 1955 жылы Алматы заң институтының негізінде Қазақстанда ең алғашқы заңгерлер дайындайтын мемлекеттік жоғары оқу ордасында заң факультеті құрылды. Әртүрлі кезеңдерде заң факультетінің декандары болып Зиманов С.З., Ваксберг М.А., Сартаев С.С., Әбжанов К.А., Үргенішбаев К.С., Басин Ю.Г., Ударцев С.Ф., Сәрсенбаев М.А., Жиренчин К.А., Қайыржанов Е.И., Бектұрғанов А.Е. жұмыс істеді.

Осы жылдар бойы еліміздегі заңгерлердің басым көпшілігін дайындап шығарып берген ғылым ордасы өзінің қарқынды жұмысын жалғастыруда. Кәсіби заңгерлер мемлекетте заңдылықтың орындалуын және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып қоғамдық өмірде шешуші рөл атқарады. Олар тәртіпті сақтауға, заңгерлік кеңес беруге және сотта клиенттердің мүдделерін қорғауға көмектеседі. Бұл әділеттілікке ықпал етеді және қоғамның құқықтық жүйеге деген сенімін нығайтады. Факультетте бірнеше білім бағдарламалары негізінде бакалавриат, магистратура және докторантура оқытылуда.

Мықты, кәсіби әрі жан-жақты негізделген білім мен қабілеттерге ие болашақ заңгерлерді дайындау университет оқытушыларының басты назарында.

 Г.М. Атаханова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті

қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының профессоры

Х.Н. Қуандық

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультетінің 2-курс магистранты

Праздник «Салбурын» прошел в Актобе

Более 100 спортсменов, среди которых беркутчи, мастера игры в...

Новый центр сервиса появится в Катон-Карагае в рамках программы «Ауыл Аманаты»

В Катон-Карагайском районе ВКО продолжается активная реализация важных проектов...

Объем валовой продукции животноводства в Казахстане достиг 3 трлн тенге

Объем произведенной продукции животноводства полностью обеспечивает потребности внутреннего рынка По...

Келер жылы елімізде тағы бір үлкен спорттық дода өтуі мүмкін

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі...

Тіл – темір қазығымыз

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,...