12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау

Құқықтық сауатты жетілдіріп, құқықтық мәдениетті арттыру күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Соттар тарапынан бұл тұрғыда атқарылып жатқан шаралар аз емес. Солардың бастысы, көпшілікке заң нормаларын түсіндіріп, насихаттау. Осы мақсатта күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына тоқталғанды жөн санап отырмыз. Қылмыстық процестік кодекстің (ҚПК) 147-бабында көрсетілгендей, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы судьяның санкциясымен бес жылдан аса мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, сондай-ақ, айыпталушы мен сотталушыға  қолданылады. Айрықша жағдайларда қолдану тәртібі де осы баппен анықталған.  

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен ҚПК-нің 140-бабына сәйкес, күзетпен ұстау шарасын қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарылады. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының көшірмелері тіркеліп, бұлтартпау шарасын таңдау себептері көрсетіледі.

Тергеу судьясы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты материалдар сотқа түскен соң сегіз сағаттан кешіктірмей прокурор, күдікті, айыпталушының және оның қорғаушысының қатысуымен қарайды. Сонымен қатар, қорғаушыны іс материалдарымен таныстырады. Сот отырысына заңды өкіл мен өкілдің де қатысуға құқылы екенін айта кеткен жөн болар. Тергеу судьясы санкция беруді шешу барысында көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты іс материалдарын мұқият зерттеп, адамға қылмыс жасағаны туралы күдік келтірудің негізділігін тексереді, қажет болса қылмыстық істі алдыртады.

Күдікті мен айыпталушыға іздестіру жарияланса немесе олар ел аумағынан тысқары жерде болса, сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарлана тұра қылмыстық процесті жүргізетін органға келуден жалтарса,  күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат олардың қатысуынсыз да қарала береді. Бірақ, қорғаушының қатысуы міндетті. Тергеу судьясы сот отырысын бастар алдында қаралатын өтінішхат жайлы хабардар етіп, қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Бұдан соң прокурор күдіктіні күзетпен ұстауды бұлтартпау шарасы ретінде таңдаудың қажеттігін негіздеп, күдіктінің, айыпталушының және сот отырысына келгендердің уәждері тыңдалады.

Үйқамақты, кепілді қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда прокурор ҚПК-тің 107-бабымен оған өтінішхат келтіруге құқылы. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау қорытындысымен күзетпен ұстау, екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру үшін жеткілікті негіз болмаса он тәулікке дейін күзетпен ұстау немесе санкция беруден бас тарту туралы қаулылардың бірі шығарылады. Санкция беруден бас тартылған жағдайда 137-баптың бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасы таңдалады. Соған орай, тергеу судьясы қаулыда осы бұлтартпау шарасын таңдау себебі мен қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасын қолдану мүмкін еместігін көрсетеді.

Аса ауыр қылмыстарға қатысты істерді қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулыда 148-баптың 9-бөлігінде көзделгеннен басқа жағдайларда, күдіктінің, айыпталушының 140-баптың 3-бөлігімен нақтыланған міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын кепіл мөлшері айқындалады.  Күдікті, айыпталушы не басқа тұлға кез келген уақытта кепілді соттың санкциялау туралы қаулысында белгіленген мөлшерде енгізеді. Кепіл белгілемеуге негіз болатын жағдайлар 148-баптың 9-бөлігінде көрсетілген.

 Осы баптың 10-бөлігіне сай, сот қаулысы шығарылған  адамға табыс етіліп, сотқа дейін тергеп-тексерген маманға, прокурорға, жәбірленуші мен күдікті, айыпталушы отырған күзетпен ұстау орны мекемесінің басшысына жіберіледі және ол дереу орындалуға жатады. Егер күзетпен ұстауды санкциялаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылса, облыстық немесе оған теңестірілген сот күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау туралы мәселені 107-бапта көзделген тәртіппен қарайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстаудың қолданылатыны туралы 135-бапта белгіленген тәртіппен күдіктінің туыстарына хабарлауы керек. Бұл шара шетелдікке қатысты қолданылса,  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы сол мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге өкілдігіне хабарланады.

Күзетпен ұстау шарасы қолданылған күдіктілер тергеу изоляторларында ұсталады. Оларды ұстау, күзетпен ұстаудың мерзімдері мен ұзарту тәртібі, тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы, т.б. жайлы заңдылықтар ҚПК-мен реттелген.

Анина Байдаулетова,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық тергеу сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...