12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Күзден бастап елде тұрғын үй бағасы төмендейді – Сарапшылар

Еліміздегі жылжымайтын мүлік сату орталықтарының мамамандарытұрғын үй бағасы алдағы күзден бастап төмендейді деп болжам жасады. Олардың мәліметінше, жер үйлердің құны қазірдің өзінде арзандай бастаған. Соған қарамастан сатып алушы жоқ. Дегенмен жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бұл пікірді жоққа шығарады. Айтуларынша, жаңа тұрғын үй кешендеріндегі пәтер құны шарықтамаса, кері кетпейді. Баға саясатына құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жылжымайтын мүлікті сату орталығының директоры Нұрлан Досымбеков биыл күзде тұрғын үй нарығында тоқырау байқалады дейді. Себебі жыл басындағы қаңтар оқиғасы, одан кейінгі санкциялар, инфляция сияқты экономиканы кері тартқан жағдайлар жалпы сауда-саттықты тежеп тастады. Соның салдарынан кез-келген санаттағы тұрғын үйлердің нарқы төмендеп кеткен. 

“Қазір жер үйлердің өздерін сату қиын боп тұр. Сол себептен қазір меншік иелерінің көпшілігі бізге хабарласып, бағаларын түсірткізіп жатыр. 15-20%, кейбіреулері 30%-ға дейін түсіріп отыр”, – деді жылжымайтын мүлікті сату орталығының директоры Нұрлан Досымбеков. 

Пәтерлердің де бағасында біршама төмендеу байқалады дейді. Сала мамандарының айтуынша, екінші деңгейлі көп қабатты үйлердің құны тек 5%-ға ғана арзандаған. Ал бұған дейін бағасы аспандап кеткен су жаңа тұрғын үй кешендерінің биыл күйі болмай тұр дейді орталық өкілдері.  

“Өзіндіке құны деген бар. Одан бөлек, табыс болмаса, ешкім жұмыс істемейді ғой. Сол себептен құрылыс материалы қымбат болып келеді. Ол соңғы бағасына да әсер етеді. Қазір, мысалы үшін, бізге көп шердігерлер хабарласып, шаршы метрін 450 мыңнан, кейін 350 мыңнан сатып беріңдерші дейді”, – деп қосты Нұрлан Досымбеков.

Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары биыл күзде бағаның ауытқуы айтарлықтай болмайды деп болжайды. Өйткені жиын-терім науқанынан пайдаға кенелген жұрт жылжымайтын мүлікті меншіктеп алуға асығады. Сондықтан сауда-саттық жасалады деген пікірде.

“Жаңа үйлердің өзгеру дәлізі біздің ойымызша -0,5 пайыздан +0,5 пайызға дейін өзгеретін түрі бар. Ал егер қолданыстағы бар үйлерді алатын болсақ, олар біздің ойымызша бірқалыпты. 0-де тұруы немесе кішкене жоғарылауы мүмкін”, – деп мәлімдеді жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Мақсат Егісбаев. 

Дегенмен кей сарапшылар құрылыс материалдарының анағұрлым қымбаттауы мен инфляцияның өсуі жаңа пәтерлердің құнын одан әрі шарықтататынына сенімді. Ал баспанасыз жүрген жандар банк арқылы қарызға белшеден батса да, басыбайлы өз меншігін қамдап қалары сөзсіз деп отыр.

Құстарды тамақтандырғаныңыз үшін айыппұл қарастырылған ба?

Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер...

Через факты, а не эмоции: депутат объяснил, почему Казахстан растёт, даже если этого не чувствуют

Депутат Мажилиса Болатбек Алиев заявил, что разговоры о «постоянном...

КазНУ им. Аль-Фараби: от Дня основания до “Farabi HUBа”

15 января на факультете Филологии Казахского национального университета имени...

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелге шығуы, халықаралық деңгейде білім...

Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда...