Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде Заң факультетінің бітіруші курс студенттерімен кәсіптік бағдар беруге және үгіт-насихат жүргізуге арналған кездесу болып өтті.
Кездесуде БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің кадр саясаты тобының инспекторлары әділет аға лейтенанты Э.А.Ильясова, әділет лейтенанты Е.Д.Азизов, пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты С.Д.Джумагазиев сөз сөйлеп ҚР Ішкі Істер органдарына қызметке орналасудың артықшылықтары жайлы атап көрсетті.
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне жұмысқа орналаса отырып сіз тұрақты жалақымен, преспективалы мансаптық өсуімен және толық әлеуметтік, медициналық қамтамасыз етілуімен, тұрғын үйге өтемақымен, сондай-ақ 1 жыл қызмет өткерген мерзіміңіз 1,5 жыл есебімен саналатын артықшылығы бар қызметке жұмысқа орналаса аласыз деді — Эльмира Айхановна.
А.Бердыкулова,
БҚО бойынша ҚАЖ Кадр саясаты тобының бастығы, әділет подполковнигі