12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КӘСІПКЕР ТЕНДЕР ТӘЛКЕГІНЕ ДУШАР БОЛДЫ

Жаңаөзендік кәсіпкер тендер тәлкегіне душар болды. «Өзенмұнайгаз» компаниясына сервистік қызмет көрсету тендерін үш жылға жеңіп алған ол алғашқы жылын тәмәмдаған еді. Бірақ жаңа жылдан бастап қалған екі жыл мерзімдік қызметті уақытынан бұрын қысқарту туралы хат алған. Оқыстан қабылданған мұндай шешімге іскер де, оның жұмысшылары да аң-таң.
Келісім шарттың тоқтатылғанын «Орда» өндірістік базасының жұмысшылары жаңа жыл тақағанда біледі. Тендерді жеңіп, үш жыл тұрақты жұмыс істейміз деп алаңсыз жүрген оларға бұл мүлдем күтпеген жағдай болғанын айтады. Бірден екі жыл қысқарып отыр. 2014 жылдан бері түрлі мұнай компанияларына сервистік қызмет көрсетіп келген серіктестік мұны бизнесті тоқыратуға жасалған құйтырқы әрекет деп есептейді.
««Орда» өндірістік базасы» ЖШС директоры Ерболат Сүлейменов:
-Осыдан бір ай бұрын тендерде құжаттардағы қателікті анықтаған біздің заңгерлер «Самұрық-Қазынаға» арыз жазған. Содан «Өзенсмұнайгазға» нұсқау келген. Содан кейіни қудалау басталып оитыр. Біздер, жеке кәсіпкерлер мұнайда кімге жүгінемізі? Кім қорғайды? Соны сұрағымыз келеді.
Осының салдарынан өндірістік базадағы 30 адам жұмыссыз қалатын түрі бар. Мұнай құбырларын жөндеуге машықтанған мамандар карантин салдарынан онсызда біршама үйде отырдық. Енді екі жылдық жоспардан айырылсақ, қалай күн көреміз деп наразы.
3 жыл жұмысымыз бар ғой деп кредит алдық. Бала-шағаны қалай асыраймыз? Отбасы, несиемізді бар. Үкімет жағынан көмектесіп, шешіп берсе деп сұраймыз.-дейді жұмысшылар.
Ал, мұнай компаниясының басшылығы болса мұндай қадамға жұмысты оңтайландыру мақсатында барғандарын айтады. Оның үстіне, әлемдік мұнай бағасының құлдырауынан экономикалық жағдайдың оңалмауы түрткі болды дейді. Айтуларынша, компания тек 2020 жылы 20 млрд тг шығынға ұшыраған.
«Экономикалық жағдайға байланысты жұмыс орнын сақтап қалу мақсатында 66 млрд тг үнемдеуге көштік. Оның ішінде «Орда» өндірістік базасы атқаратын жөндеу жұмыстарын қысқартып, мұны өз күшімізбен жасаймыз деп шештік. 2018 жылы ашылған арнайы цехымызда өз жұмысшыларымыз бөлшектерді жасауға және жөндеу жүргізуге қауқарлы»,- «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Әбдірахманов.
Алайда, кәсіпкердің айтар өз уәжі бар. Ерболат Сүлейменовтің айтуынша, бұзған келісімшарттың қызметтерін қайта тендерге шығарып отыр. Бұл жерде «Өзенмұнайгаз» тарапынан заң бұзушылық орын алған екен.
Кәсіпкер карантинде тапшылық көрмеу үшін жөндеуге қажетті құралдарды Ресейден алдын ала алдырып қойған. Қазір 70 млн тг-нің бөлшектері қоймада босқа тұр. Бұл бизнес үшін аз шығын емес екені анық. Сондықтан, құқығымызды басқа амал қалмаса сот арқылы қорғауға барымызды саламыз дейді.

Жазира Қуанышбекқызы

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...