12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәсіп ашуға қолдау көп

«Атамекен» микроқаржы ұйымы өткен жылы 101 кәсіпті қаржыландыруға несие берді. Оның ішінде 93 млн тг МҚҰ өз қаражаты есебінен болса, «Жұмыспен қамту жол картасымен» 548 млн тг бөлінді. «Атамекен» МҚҰ құрылған 2016 жылдан бастап осы жылдың ақпанына дейін бизнесті дамыту үшін 3 млрд 128 млн тг астам несие берді. Бұл қаражатқа барлығы 558 жоба жүзеге асып, 885 жұмыс орын құрылды. Осы уақыт аралығында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 1 млрд тг аса қаражат бөлініп, 250 жоба іске қосылды. Бұл жобаларда 307 жаңа жұмыс көзі ашылды. Ал, несиелендірудің тағы бір бағыты — «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 547 млн теңгеге 91 жоба қаржыландырылып, 91 жұмыс орны іске қосылды.

«Микроқаржы ұйымы 6 жыл ішінде айналымдағы өз қаражаты есебінен 1 млрд 551 млн тг несиені кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берді. Осының көмегімен 217 бизнес жоба ашылып, 487 жұмыс орны құрылды. Қаражат алғандардың дені ауылшаруашылығы саласы, әртүрлі қызмет көрсету (сұлулық салоны, наубайхана, көлік жуу орталығы, автокөлік жөндеу т.б.) салаларын іске қосты. 2021 жылдан бастап алғаш рет Ақтау қаласы тұрғындарына кәсіп ашуға несие беріле бастады. Бұрын тек ауыл мен аудан халқы қамтылып келген еді. Сондай-ақ, сауда саласына да тұңғыш рет несие берілді. Айта кетейік, Ақтау қаласына 8 мың АЕК, Жаңаөзен 6500 АЕК, аудандарға 2500 АЕК көлемінен аспайтын сомада несие рәсімделеді»,- дейді «Атамекен» МҚҰ директоры Ботагөз Сынабаева.

Жазира Қуанышбекқызы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...