Ағымдағы жылғы 9 ақпанда Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алматы 1 теміржол вокзалының жиналыс залында Алматы 1 вокзалы қызметкерлері, «НұрОтан» партиясы өкілі, Жетісу көлік прокуратурасы өкілі, Алматы 1 вокзалы технигі және Алматы 1 теміржол вокзалында орналасқан ұйымдар өкілдерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу қатысушылары «Көші-қон заңнамасы және шетел азаматтарының жүріп-тұруы»; «Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу»; «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыптары бойынша пікірталас жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – шетелдік азаматтар тарапынан орын алатын, Қазақстан территориясындағы шетелдіктердің мүлкіне қатысты қылмыстардың алдын алу, ашу жолдарын бірлесе жүргізу бойынша ортақ шешім қабылдау.
Сонымен қатар, кездесуде көші-қон заңнамасын және шетел азаматтарының жүріп-тұруы туралы қағидасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша мәселелер қарастырылды.
Алматы 1 ст. ЖПБ