Көршісінің үйіне ұрлыққа түскен бойжеткен анықталды

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне заңсыз кіріп, жатын бөлмеде орналасқан шкафтың ішінен 2 дана алтын жүзігі мен 2 дана алтын сырғасын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 400 000 теңге.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Ақпарат алысымен кентаулық қырағы полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Куәлардан жауап алынды. Бейнебақылау камералары мұқият қаралды.

Нәтижесінде жедел ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жәбірленуші әйелдің көршісі, бойжеткен қыз болып шықты.
Яғни күндізгі уақытта үйде ешкім болмайтынын білген көрші қыз, үйдің пластик терезесін арнайы құрал арқылы ашып, заңсыз кірген. Содан кейін қолына ілінген бағалы заттарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ал ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшасын өз пайдасына жаратқан.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Үйден шықсаңыз, тіпті аз уақытқа болсын сыртқы есіктер мен терезелерін сенімді жауып жүріңіз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Господдержка в поисках отдачи?

С 2010 ГОДА НА ПОДДЕРЖКУ ОБРАБАТЫВАЮЩЕЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ В КАЗАХСТАНЕ...

«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары...

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....