Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы кеңесті қалай алуға болады?

Бүгінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 процентін ХҚО-ға бармай-ақ, қашықтан алуға болады. Қалай алуды білмейсіз бе? Онда келесі #қысқаданұсқа ақпаратқа құлақ түріңіз!
? Egov.kz порталының виртуалды ассистентін пайдаланыңыз! Бейнеқоңырау операторлары азаматтарды қашықтан Мобильді азаматтар базасына (АМБ) тіркеп бере алады. Сондай-ақ, олар сіздің экрандағы әрекетті көре отырып, порталда жұмыс істеу бойынша өз кеңестерін бере алады.
? 1414 нөмірін теріңіз. Бірыңғай байланыс орталығының операторлары мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі және олардың рәсімделу мерзімі туралы, ХҚО жұмыс кестесі жайлы ақпаратты бере алады. Бұл опция электрондық үкімет порталын пайдалана алмайтын қарт адамдар үшін өте қолайлы.
? Танымал әлеуметтік желілердің egov чат-боттары. Онда да операторлармен чат құрып, қажетті сауалдарға жауап алуға болады. Бүгінде тelegram-бот желісі арқылы 25, Facebook-те 15, «ВКонтакте» жүйесінде 19 қызмет түрі қолжетімді.
? egov.kz порталы, youtube.com, өзге де іздеу жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болатыны туралы арнайы нұсқаулықтар мен бейнероликтерді табуға болады.
Онлайн қызметке өтініш бермес бұрын, аталған жолдармен кеңес алып, ары қарай нұсқаулық бойынша іс-әрекет жасаңыз. Уақытыңызды үнемдеп, үйде отырып қызмет алыңыз!

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

«Путь» на большой экран 

В ВОРОНКУ МОШЕННИЧЕСТВА В НАШЕЙ СТРАНЕ ПОПАДАЮТ НЕ ТОЛЬКО...

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Цифровизация и контроль 

С 2026 года казахстанский бизнес работает по новым правилам....