Кәрім Мәсімовке қатысты істің мән-жайы айтылды

ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істі тергеу қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауға алу мерзімі тағы ұзарды. Қашанға дейін ұзартады?», — деп сұрақ қойды журналистер.

«Күзге қарай анықталады деп ойлаймын. (…) Менің білуімше, іс материалдары құпия. Сірә жабық (сот — еск.) өтеді. Мұны сот органдары анықтайды. Бәрібір онда мемлекеттік құпиялар бар», — деп жауап берді Амерханов Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда.

Сондай-ақ, журналистер қаңтар оқиғасын тергеу қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін сұрады. 

«Іс жүргізу бойынша үш айға ұзартуға құқығымыз бар. Әр үш ай сайын. Жоқ, бұл жылдарға созылмайды. Бірақ өте ауыр мәселе, тағылған айыптар ауыр», — деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні неге әлі күнге дейін жарияланбағанын түсіндірді.

«Оларды санатқа бөлу керек, кім қалай қаза болды. Біреу тонауға қатысқан, біреу шабуыл жасаған, біреу абайсызда қаза болған», — деп қосты ол.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...