12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Күрежол мәселесі шешіледі

Панфилов ауданы тұрғындары «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» республикалық маңызы бар автожолының мәселесін жиі көтеріп жүр. Бүгін аудан халқымен кездесуде Қанат Бозымбаев аталған проблеманың шешімі жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыс басшысының айтуынша, қазіргі кезде «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалы жол учаскесін орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірлеуде.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін Көкталдан Жаркентке дейінгі 14 шақырым жол учаскесі құрылысының құжаттары сараптамадан шығады. Сметалық құжаттаманы есептеу жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе жуық арада шешіледі», — деді Қ.Бозымбаев.

Жалпы Алматы облысында өткен жылы автожолдарды салуға және жөндеуге 47,1млрд. теңге бөлінген, нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 89% құрады, Панфилов ауданында бұл көрсеткіш — 73 %.

 Өз тілшіміз.

Алматы облысы.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...