12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Көптеген әріптесім бір кесек нансыз отыр». Баян Алагөзова жұмыссыз қалғаны туралы айтты

Продюсер Баян Алагөзова «Время» газетіне берген сұхбатында карантиннен туындаған қаржылық мәселелер туралы айтып, мәдениет министрлігі тарапынан қолдау таппағанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бір жылға жуық жұмыссыз отырып, біз мәдениет министрлігі тарапынан бірде-бір сөз естімегеніміз өкінішті. Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз», — деді Алагөзова.

Продюсер оның қаржылық қажеттілігін Instagram-дағы жарнама, жеке тапсырыстар және күйеуі өтеп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреулері такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген.

«Менің көптеген әріптесім бір кесек нансыз отыр, жабық шаралардан ақша тауып жүр. 2021 жылы сәуірде менің тұрақты кәсібім болып келген «KeshYOU» тобына 15 жыл болады. Бізде үлкен жоспарлар болды, мерейтойлық концерт жасағымыз келді, бірақ қазір оған ақша жоқ. Бұрын 15 желтоқсаннан бастап біз бір іс-шарадан екіншісіне әрең үлгеруші едік, ал қазір —  тып-тыныш. Егер біз тағы бір жыл отыратын болсақ, онда топты тарату туралы ойлануға тура келеді», — дейді Баян.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....