ҰҚК Нұрлан Мәсімовтің ұсталуына қатысты тың ақпарат жариялады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің ұсталуының мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталғаны хабарланды.

«Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды.

Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовті ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді. Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған еді. Ол бұл департаментті 2019 жылдың қарашасынан бері басқарған.

Сәуірде Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғаны хабарланған. Ал маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның жүрген жері туралы ақпарат бергендерге сыйақы жариялаған еді.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...