Құқықбұзушылықтарды ескерту және жолын кесу, қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасы қызмет көрсету аумақтарында ағымдағы жылғы 7-11 ақпан аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.
Алматы 1 ст. ЖПБ қызмет көрсету аумағында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясын өткізу барысында әкімшілік құқықбұзушылық бойынша – 59 факті анықталды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу бойынша — 6 факті тіркеліп, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша — 2, теміржолдан белгіленбеген жерден өту — 45, теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю бойынша — 6 факті тіркелді.
Іс-шараны өткізу кезінде басқарма қызметкерлері теміржол торабына жақын орналасқан оқу орындарына барып, іс-шара мақсатына сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде саған 23-тен таңғы 6-ға дейін түнгі уақытта жүру фактілері, теміржол көлігіне қатысты жасөспірімдер вандализмі фактілері, оқушылардың теміржолдан белгіленбеген жерден өту фактілері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қойылған міндеттерді орындау үшін теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу фактілері, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу немесе оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау фактілері бойынша құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу мақсатында теміржол объектілеріне жақын орналасқан елдімекен тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
Алматы 1 ст. ЖПБ