12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көлікте «Сергек» отырыңыз!

Жақында қоғам белсендісі Мақсат Ілиясұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Сергек» қондырғылары Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан және тағы басқа ірі қалаларға жаппай орнатылуда. Бұл тонаушы құрылғы халықтың қалтасын қағып, жаппай наразылығын туғызып жатыр» деп жазғаны сол, аталмыш мәселе қоғамның үлкен талқысына ұласып кетті. Неге? «Сергектің» қоғам үшін пайдасы көп пе, әлде зияны ма? Талай көлік жүргізушісінің қалтасын қағумен қатар, бейнеқондырғы қоғамда, көшеде көлік жүргізушілердің арасында тәртіп орнатып  жатқаны да рас. Осы орайда қоғамдағы қауіпсіздік, адам өмірі мен қалта қаққан айыппұлды таразылап, «Сергектің» пайда зиянын таразылап көрсек.

Нақты статистикаға сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласында 6183 «Сергек» камерасы орнатылып, 2019 жылдың 10 айында 1 млн 219 мың жүргізушіге 6 млрд 784 млн теңге айыппұл салынған. Қазір бұл соманың 86 пайызы өтелген көрінеді. Бейнебақылау камералары көлік жүргізушілерінің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, жеке көліктердің автобустарға арналған арнайы Bus lane жолақтарына шығып кетуі, сол сияқты стоп сызықшаларынан асып кетуі секілді ереже бұзушылықтарды қадағалап, тіркейді. Айыппұл туралы мәліметтің ұялы телефон арқылы смс-пен хабарлануы немесе оны сайт арқылы да қосымша бақылап отыру мүмкіндігі көлік жүргізушілеріне ыңғайлы болып отырғанын да айта кету керек.

Аталған қондырғының басты ерекшелігі сол – тек суретке түсіріп қана қоймай, бейнежазбаға да жазып алады. Картинаны 25 есеге дейін үлкейтіп көрсету мүмкіндігіне ие ақылды құрал жылдамдықты асыру сынды жол  ережесін бұзу әрекетін 30-80 метр қашықтықтан-ақ тіркеуге қауқарлы. Жолдың бірнеше жолағын қатар қамтып, бір мезетте бірнеше жол тәртібін бұзу жағдайын таспаға түсіретін ақылды камера бір автокөлік тәулік ішінде бірнеше мәрте жол ережесін бұзса, оны жол полициясы қызметінің кезекші бөліміндегі маманның планшетіне түсіріп, көліктің қайда бағыт алғанынан бастап толыққанды ақпарат жеткізеді. Яғни аталмыш қондырғы алдағы уақытта қылмысты дер кезінде ашуға да өз септігін тигізетіні байқалады. Қондырғының бұдан басқа да мүмкіндіктері мол. Осы тұрғыдан алғанда «Сергектің» қоғам қауіпсіздігін сақтауда үлесі мол екенін мойындауға тура келеді.

Биылдан бастап Алматы қаласында да 400-дей «Сергек» камералары іске қосылды. Әлеуметтік желідегі көлігі барлардың сәт сайын «Сергектің» жыпырлаған суреттерін салып, наразылық танытуына қарасақ, олардың «тұсауланғанына» аса риза емес екені байқалады. «Барлық жерде жылдамдықты сағатына 40 шақырым жасап, бұл не масқара!? Жолдың түрі – мынау, пробка – анау!» деген хабарламалар көптеп таралуда. Тіпті қазан айында Өскемен қа­ла­сының 28 жастағы тұрғыны бағанға өр­мелеп шығып, камера­ны қызыл скотчпен орап таста­ған. Оның кейін ұсталып, әкімшілік жауап­қа тар­тылғаны белгілі болды.

Мамандар «жол-көлік оқиғаларын азайтып, жүргізушілерді тәртіпке шақыруда таптырмас құрал» атап отырған қондырғылар неге халыққа ұнамай отыр?! Пікірлерді сараптап қарап шықтық. Жағымды да пікір бар екен. Инстаграм әлеуметтік желісінде журналист Есей Жеңісұлы: «Бүгін бір таныс кісі көлікке отыра салып, «Сергекті» жамандады. Қосыла шауып, «қисынын тауып», шер тарқатып алуға болар еді. Бірақ жақсы жағын айттым.

Мысалы, өткен бейсенбіде менің алдымды бір есерсоқ кесіп өтті. Сол жақтан болса бір сәрі, оң жақтан. Тежеуішті баспасам, алдымдағы мәшинемен екі ортада туралып түсер еді. Көлікте отбасымыз түгел отырдық, беті аулақ, бізге де зияны тиюі мүмкін-ді. Қуып жеттім, айылын жияр емес, балағаттап барады. Осындай «шумахерлер» ертең үйіне ай сайын бірнеше жүз мың айыппұл келіп тұрса, ренжімесін. Ішкі тәртібі, мәдениеті жоқ адамдарды осындай қатал қажеттілік сәл де болса баяулатар, бәлкім…

Өзім қаладағы бақылау камераларына үш рет түстім. Бәрінде де өз кінәм бар. Мемлекетті, полицейлерді, камераны, «Сергекті» кінәлаудан жеңіл ештеңе жоқ. Өзің ше? 60 км/сағ талап етілген жерде 80-мен жүрсең, камера түсірмегенде қайтеді?! Ал ол – отбасылық бюджетіңе салмақ. Өмір де солай. Асқан жылдамдық ақырыңа жақындатады. Күллі адамзат ақырына асығып барады. Айға, Марсқа көзді ашып-жұмғанша жеткісі келеді. Артында тындырмаған қаншама игі іс қалып жатыр десеңізші…» деп, жаңа қондырғы туралы ойын түйіндепті. Бір қызығы «Сергекті» жақтаушылардан гөрі даттаушылардың қарасы басым.

Осы уақытқа дейін елордада жұмыс істеп, нәтижесін көрсеткен «Сергектің» арқасында жолдағы өлім-жітім екі есе азайған көрінеді. Статистиканы сөйлетсек, 2017 жылы Нұр-Сұл­тан қаласында жол апатынан 60 адам көз жұмса, 2018 жылы 34 адам ажал құшқан. Ал қоғам­дық орындарда ауыр қылмыс саны 39 пайызға және аса ауыр қылмыс саны 18 пайызға төмен­деген көрінеді.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қоғамдық орындардағы қылмыс 21,1 пайызға, қала көшелерінде 32,7, жол-көлік апаттарының саны 20 пайызға азайған. Демек қала көшелері үшін камера бәрібір пайдалы.

Цифрландырудың бір игілігі саналып отырған «Сергек» қоғамдағы тәртіптің орнауына ықпал етсе мақсаттың орындалғаны. «Сергектің» айыппұлы мен адам өмірінің қымбаттығын таразыға салғанда, адам өмірінің жоғары екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан «Сергек» қауіпсіз қоғам құрып, көпшілікті тәртіпке салып жатса, тек қуанамыз!

 

Мырзабек БЕКБЕРДІ, заңгер:

– Адам өмірі мен айыппұлды таразыласақ, адам өмірі жоғары тұратыны анық. Сол себепті тәртіпті жүргізушіге еш қорқыныш жоқ. Тәртіп бұзсаң, өзіңе өкпеле. Қаланың қауіпсіздік деңгейін көтеруді, қоғамдық орындар мен көшедегі құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейтін бұл жобаны өзім қолдаймын. Бұл жерде көбісінің қарсылығы «айқайға аттан қосу» секілді. Өзім құқық саласының маманы болғандықтан, әрқашан тәртіп пен адам құқығы жағындамын. Осы тұрғыдан келгенде заңгер ретінде соншалықты бір адам құқығы бұзылып жатқан нәрсені байқап отырғаным жоқ. Жүргізушілер «Сергек» туралы жолда алдын ала ескерту тақтайшаларының ілінбегеніне наразы. Негізі, заң бойынша бейнебақылау каме­ра­лары орнатылғанын ескерте ме, жоқ па – оны жергілікті әкімдік өзі шешеді. Өйткені заңда нақ­ты ереже жоқ. Сондықтан көлік жүргізушілеріне «ақырын жүріп, анық басатын» кез жеткен секілді.

 

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

Қазақстандағы су үстінен өтетін ең ұзын көпір қашан ашылады?

Бұқтырма Қазақстандағы ең ірі су қоймасы саналады, сондай-ақ ауданы бойынша әлемдегі ең ірі жасанды су қоймаларының ондығына кіреді - Зайсан көлін қоса алғанда, 5490 шаршы шақырым. Ол Ертіс өзеніндегі Бұқтырма ГЭС бөгеті арқылы қалыптасқан.

Оқушылар мектепке орамал тағып бара ала ма? Жоғарғы сот мәселеге нүкте қойды

Жоғарғы сот мектепте орамал тағу төңірегінде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Министр Әлназарова жедел жәрдем қызметіне қатысты өзгерісті түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем жұмысы қағидаларына...

Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің қағидалары өзгеруі мүмкін

Елімізде жедел жәрдем қызметі 4 санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы ықтимал,

ШТРИХИ К ПОРТРЕТУ ПРОФЕССОРА Ж.Д. БУСУРМАНОВА

28 сентября 2023 года ушел из жизни доктор юридических...