Көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтар біріктірілді.

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды. Президент тиісті заңға қол қойған болатын.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтар біріктірілді. Яғни, енді екі салық бірыңғай төлеммен төленеді.

Бұдан бөлек, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастауға оны жинауға кететін шығынның бірнеше есе асып түсуі себеп болды. Салықтың мөлшері өте төмен, 8 теңгеден 20 теңгеге дейін, ең көп дегенде 100 теңге шығады.

Алайда квитанция толтырып, комиссия төлеу керек, яғни әкімшілендіру оңай емес. Сондықтан ұлттық экономика министрлігі адамдарды бұл салықтан босатуды ұсынған болатын. Осылайша, көппәтерлі тұрғын үйде баспанасы бар 1 миллион азамат жер салығын төлемейді.

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...