Көлік сақшылары мен теміржолшылар темір жолда азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша Жол картасын жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізуде

Жыл сайын Қазақстанның темір жол, әуе көлігі миллиардтаған тонна жүк тасымалдайды, көптеген жолаушылар оның қызметін пайдаланады.

Көліктің нақты және үздіксіз жұмыс істеуі бірқатар объективті факторларға, соның ішінде қоғамдық тәртіптің жағдайына байланысты. Көліктегі құқық тәртібін бұзу көбінесе ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты темір жолда тиісті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі міндеттерді табысты шешудің шарттарының бірі болып табылады.

Осылайша, 2022 жылдың маусым айының  22-де Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығы полиция полковнигі Д.Мақсұтовтың төрағалығымен «ҚР-ның темір жолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған» ЖОЛ КАРТАСЫН іске асыру бойынша  көлік прокуратурасының қызметкерлерімен,  жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен және Қызылорда облысы бойынша темір жол мекеменің бірінші басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Кеңесте станциялар мен вокзалдарда, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында бейнебақылау камераларын орнату, локомотивтерде сыртқы және ішкі бақылау бейнетіркегіштерді орнату мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, азаматтардың  темір жол қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, жануарлардың темір жолдарға шығуын болдырмау, сондай-ақ азаматтардың белгіленбеген жерлерден өтуін алдын- алу мақсатында темір жол төсемінің бойына қоршаулар орнату мәселесі де қаралды.

Сонымен қатар, азаматтардың теміржол  арқылы қауіпсіз өтуі туралы мәселе көтерілді. Осыған байланысты темір жол магистраліне жаяу жүргіншілер өтпелері мен көпірлерді орнату, қауіп туралы ескерту белгілерін ұлғайту қажеттілігі атап өтілді.

Қызылорда ст.ЖПб

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және...

В учреждении средней безопасности проведены спортивные мероприятия

Сотрудники Спортивной школы водных и игровых видов спорта Управления...

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...