Көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып жүрген жас жігіт ұсталды

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алып, құқық бұзушылықты, жол ережесін бұзатын көлік жүргізушілерін анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасын жүргізуде. Осындай рейд барысында, тәртіп сақшылары жалған нөмірлі көлікті анықтады.

Нақтырақ айтсақ, «Газель» маркалы автокөлік жанармай құю бекетіне тоқтаған. Көліктің нөміріне күдіктенген полицейлер оның нөмірін тексерді. Нәтижесінде, жас жігіттің автокөлігіне жалған мемлекеттік тіркеу белгісін пайдаланып жүргені белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша тіркеуге алды.

Тексеру кезінде көлік жүргізушісі нөмірді тауып алып, қызығып таққанын айтты. Оқиғаның толық мән-жайын полиция қызметкерлері тексеруде. Қазіргі таңда жүргізуші жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге кез келген құқық бұзушылыққа заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...