12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Күйзеліске түскендерге көмектесу парыз

Соңғы екі жылда жер жаһанды дүрліктірген оқиғалар, толассыз ақпараттардың ағылуы көптеген адамдардың психикасына әсер ететінін мамандар талай айтып жатыр. Былтыр психикалық денсаулық орталықтарына 23 мыңнан астам адам психологтардың, психиатрлардың көмегіне жүгініпті. Олардың басым бөлігі коронавирусты жұқтырып аламын деп үрейленіп ұйқысынан айырылған тұрғындар, медицина қызметкерлері, жақын адамының қазасына көңілі құлазып, күйзеліске ұшыраған жандар.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталықтың бас директоры Қуаныш Алтынбековтың айтуынша, 2020 жылдың сәуір айында жаһанды дүрліктірген пандемия, карантиндік шаралар тұсында тығырыққа тірелгендерге кеңес беретін психологтар жұмылдырылып, арнайы сайт іске қосылған.

– Пандемия басталғанда адамдар не істеу керектігін білмей абдырап қалды. Біз, психиатр дәрігерлер де қалай көмек береміз деп тығырықтан шығатын жол іздедік. Өздеріңіз білесіздер, барлық нысандар карантинге жабылды. Шектеулер қатаң. Біз сол кезде психологиялық кеңес беретін сайт жұмысын ұйымдастырдық. Отандастарымыз және бірнеше мемлекеттен хабарласып, 400-ден астам адам тегін психологиялық көмек алды, 156 адам жазбаша түрде сауалына жауап алды. Егер динамикалық бақылаудың көрсеткішіне сүйенсек, психикалық денсаулығына шағымданып, тіркеуге алынған адамдар саны айтарлықтай өзгерген жоқ. Дегенмен, тұрғындар арасында мазасыздық пен күйзеліс діңкелеткен оқиғалардың көбейгені анық, – дейді орталық директоры. Республикалық орталықтың бас директоры Қуаныш Алтынбековтың айтуынша, психикалық денсаулықтың бұзылуынан пайда болатын аурулардың 250-ден астам түрі бар.

Психикалық денсаулықтың бұзылуын мамандар эндогенді , экзогенді деп екі топқа бөледі. Алғашқы сырқаттың түріне сыртқы факторлардың ешқандай қатысы жоқ дейді еліміздің бас психиатры. Бұл топқа енген науқастар тұқым қуалайтын психикалық ауруларға шалдыққандар. Ал сыртқы факторлардың ықпалынан пайда болатын кесел экзогенді деп аталады. Қоғамдағы, әлемдегі және жеке өміріндегі мәселелер, жарақат алу салдарынан, негативті жәйттердің әсерінен пайда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше жер шарында әрбір сегізінші тұрғын, жалпы 970 миллион адамның психикалық денсаулығы сыр беріпті. Солардың арасында мазасыздық күй, күйзеліс кең етек алып барады деп дабыл қағады халықаралық ұйымның өкілдері. Ал бұл кеселден шипа іздегендердің саны 2020 жылы 28% көбейген. Психикалық аурулардың алдын алуға, емдеуге медицина қауымының мүмкіндігі бар. Дәрілер де бар. Өкінішке қарай жан-дүниесін жегідей жеген күйзеліске немесе дегбірі қашқан кезде психологтарға баруға тұрғындар намыстанады. Сондықтан көбінесе науқастар ауру асқынған кезде психикалық емдеу орталықтарының есігін қағады. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталықтың психиатр дәрігері Гүлбахрам Саятованың айтуынша, былтыр және биыл емделушілерді ұйқысыздық, үреймен алысу, қорқыныштан дегбірі қашып, күйзеліс дерті мазалаған.

– Алматылық келіншек үрей, мазасыздық, дегбірсіздік мазалайды, паникалық дүрбелең күйде, көңілім құлазып, қозғалуға, жұмыс істеуге зауқым жоқ, тамаққа тәбетім жоғалып кетті деп уәжін айтып, орталыққа келді. Бойын билеген үрейден науқас үйден шығуға қорқады. Кейде тұншығып, ауа жетпейтін кездері де көп екен. Мұндай жағдайда шарасыз болса да, тұрғындар психологтың көмегіне жүгінуге асықпайды. Көбінесе мұндай пациенттерді туысқандары әкеледі. Бірақ әлгі әйелдің өзі психологиялық кеңес сұрап келді. Медициналық және психотерапиялық емдеу шараларын тағайындап, науқас мазасыз күйден құтылды. Дәл осындай психологиялық және мінез-құлқындағы өзгерістерге дауа іздеген тұрғындарға біздің орталықтың тәжірибелі мамандары көмек көрсетуге әрқашан дайын. Республикалық психикалық орталықта емделушілерге психиатрия, психология саласының білікті мамандары, профессорлар, невропотолог және терапевт дәрігерлер адамның жан-дүниесін мазалаған дерттен айықтыру үшін сапалы медициналық көмек көрсетеді. Бұған қоса мамандар миға психоэмоционалды салмақ түсіруден аулақ болуға шақырады. Әлеуметтік желілерге тәуелді болмау, негативті ақпараттарды оқуды азайтуға , спортпен шұғылданып, табиғат аясында серуендеуге, жеті-сегіз сағат ұйықтауға кеңес береді.

Жазира БЕГАЛЫ, журналист

Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

      Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында...

Платформа инклюзивного образования

В ОКТЯБРЕ Г. АЛМАТЫ ПРИМЕТ ПЕРВЫЙ ВСЕМИРНЫЙ КОНГРЕСС ПО...

Культ богатства и цена иллюзий

МЫ ЖИВЕМ В ЭПОХУ, ГДЕ СЧАСТЬЕ ИЗМЕРЯЮТ НЕ УЛЫБКАМИ,...

На гребне технологической волны

В динамичном мире современных цифровых технологий появление новых центров...

«Прокурорский час» в новом формате

Более 90 тысяч учащихся 290 школ г. Шымкента стали...