Күйеуім рұқсат берсе, депутат болуға ниеттімін — Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір Әуелбекова депутат болуға ниетті. Бұндай жаңалықты әншінің өзі айтты. Күні кеше сайлауға барып, өз таңдауын жасаған әнші болашақта өзінің де депутат болуға ниеті бар екенін жасырмайды.

«Қайырлы күн, Қазақ елі! Сайлауға барып, Нұр Отан партиясының белді мүшесі ретінде өз таңдауыма дауыс беріп келдім. Алдағы уақытта сәті келіп, Алла бұйыртып жатса, өзім де «депутат» болуға ниеттімін. Күйеуім рұқсат берсе», — деп жазды Әуелбекова парақшасында, деп хабарлайды stan.kz.

Әнші сайлауға барып, дауыс берді. Әуелбекова «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Желі қолданушысының бірі оның ойын қолдаса, енді бірі қарсылық танытты.

«Білімді, білікті кісілер депутат болады деп ойлаймын. Әншілердің де арасында бар сауатты, білімді әншілер. Сол кісілер депутат болам десе, құптар едім», «Адал депутат болады деп сенімдеміз. Мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтереді деген ниеттеміз», «Дұрыс! Бастысы ниет болса болды», «Неге әркім өз жұмысын істемейді?», «Қазақ байыса, билікке ұмтылады», — деп жазды.

 

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...