Күдебаев не үшін қызметінен кеткені белгілі болды

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың Алматы облысы бойынша ПД басшысы қызметінен неге кеткені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ мәліметінде айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Күдебаев өз өтініші бойынша қызметінен кеткен.

«Серік Күдебаев биыл 18 ақпанда Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылып, өз өтініші бойынша ішкі істер органдарынан кетті», — деді ІІМ өкілі.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Серік Күдебаев 2012-2013 жылдар аралығында Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болған. 2013 жылдың қазанында Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің (қазіргі Полиция департаменті) бастығы болып тағайындалған. Осыдан кейін 2020 жылдың қаңтарында ол қайтадан Алматы облысының ПД басшысы болды.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...