«Көшкін қаупі бар кезеңдегі таудағы қауіпсіздік» атты кездесу өтеді

2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматыдағы Novotel қонақүйінде фрирайдерлерге, тау туристеріне және қысқы белсенді демалысты ұнататын азаматтарға арналған «Көшкін қаупі бар кезеңдегі таудағы қауіпсіздік» атты кездесу өтеді. Іс-шараны Shymbulak тау курортының Shymbulak Outdoor бөлімі ұйымдастырады. Құтқарушылар, альпинистер және шаңғы гидтері көшкін қаупін бағалау, қауіпсіз фрирайд, төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету және басқа да маңызды ақпарат бойынша практикалық ұсыныстарды ортаға салады.

Қатысу тегін.

Кездесу барысында келесі тақырыптар қозғалады:
– Shymbulak тау курортының беткейлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шаралары;
– көшкін қаупін анықтау тәсілдері;
– көшкінге тап болған жағдайда әрекет ету алгоритмі;
– қауіпсіз фрирайд ережелері;
– көшкін салдарынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету.

Іс-шараның спикерлері
Виталий Жданов – Shymbulak Outdoor резиденті, альпинизм бойынша спорт шеберлігіне кандидат, География институтының аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты.

Александр Голованов – Shymbulak Outdoor резиденті, альпинизм бойынша үшінші санатты нұсқаушы, жоғары санатты треккинг-гид, Nasvyazi жобасының жетекшісі, Shymbulak тау курортының құтқарушысы.

Юрий Сергеев – Shymbulak Outdoor резиденті, альпинизм нұсқаушысы, апаттық-құтқару қызметінің кезекші ауысымының жетекшісі, 1-сыныпты құтқарушы, Shymbulak тау курортының құтқарушысы.

Максут Жұмаев – альпинизм бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, оттегіні қолданбай Жер шарындағы барлық 14 сегізмыңдық шыңға шыққан.

Дарья Пономарева – KMGA кәсіби шаңғы гиді, Powder Nomads жобасының негізін қалаушы, 2023 жылы Антарктидаға Қазақстандағы алғашқы ски-тур экспедициясын ұйымдастырушы, Ленин шыңынан (7134 м) шаңғымен түскен ТМД елдеріндегі алғашқы шаңғышы.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...