«КӨРНЕКІ АҚПАРАТ – КӨРКЕМ ТІЛ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

2026 жылғы 09 қазан  – 20 қараша аралығында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің тапсырысымен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы «Көрнекі ақпарат – көркем тіл» атты қалалық байқау өткізеді.

Байқаудың мақсаты: Ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында кең ауқымда қолданылуына ықпал ету, қазақ тіліндегі жарнамалық және көрнекі ақпарат мәтіндерінің сауатты, сапалы әрі көркем ресімделуін қамтамасыз ету. Қазақ тіліндегі сапалы жарнамалық өнімдерді әзірлеп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген белсенді азаматтарды, копирайтерлерді, аудармашыларды және жарнама саласының мамандарын дәріптеу, олардың шығармашылық еңбегін қолдау және кәсіби ынтасын арттыру.

Байқаудың міндеті: Алматы қаласының аумағында орналастырылатын жарнамалық және көрнекі ақпарат мәтіндерінің мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес сауатты әрі сапалы ресімделуін қамтамасыз етуге ықпал ету. Кәсіпкерлік субъектілерінің, жарнама агенттіктерінің, мекемелер мен ұйымдардың қазақ тіліндегі жарнама және көрнекі ақпарат мәтіндерін сапалы әзірлеуіне ынталандыру. Қазақ тілінде жарнама мәтіндерін әзірлейтін копирайтерлерді, аудармашыларды және жарнама саласының өзге де мамандарын қолдау, олардың шығармашылық еңбегін дәріптеу және кәсіби белсенділігін арттыру.

Қатысушылар: Байқауға Алматы қаласының аумағында қызмет көрсететін заңды тұлғалардың мемлекеттік тілде жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандары (келісімшарт бойынша және т.б.) қатысады.

Байқаудың кезеңдері

І кезең: Өтінім қабылдау. Қатысушылар байқауға тіркеліп, өз жобаларын жібереді. Бұл кезеңде байқауға қатысу шарттары мен ережелері жарияланады.

ІІ кезең: Сараптау және іріктеу. Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалап, үздіктерді іріктеп алады.

ІІІ кезең: Финал және марапаттау. Үздік жұмыстар финалға шығып, жеңім-паздарды анықтау және марапаттау рәсімі өтеді.

Байқаудың қазылар алқасы:

Қазылар алқасы құрамына филолог ғалымдар, білікті заңгерлер, қоғам қайраткерлері, журналистар, аударма ісінің мамандары қатысады. Қазылар алқасы Байқауға қатысушылардың жинақтаған материалдарымен танысады, тексереді, шешім шығарады. 

Байқау барысы ұйымдастырушылар тарапынан бейнетаспаға және фотосу-ретке түсіріледі.

Байқаудың жүлдесі. Байқаудың жеңімпаздарына тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 09 қазан – 20 қараша.

Қосымша ақпарат және өтінім беру үшін: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 227-кабинет.

Байланыс телефоны: +7 701 664 2721, К.А. Бекбенбетова.

Электронды почта: kazqogamyalmaty@gmail.com

Республика күніне орай волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Республика күніне орай...

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде Республика...

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...