Көлік инфрақұрылымы: Елдің транзиттік әлеуеті қалай артып жатыр? 

Үкімет көлік инфрақұрылымын дамытуды және елдің транзиттік әлеуетін арттыруды жалғастыруда. Жұмыс Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында жүктелген міндеттер шеңберінде жүргізіліп жатыр.

2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша көліктің барлық түрлерімен транзиттік тасымалдар көлемі 21,7 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға артық (ол кезде 17,5 млн тонна жүк тасымалданған болатын).

Биыл рекордтық көлемдегі жол – 11 мың шақырым жол құрылыспен және жөндеумен қамтылды. Оның 3,4 мың шақырымы республикалық трассаларды салу мен қайта жаңартуға, 5 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдарды күрделі және орташа жөндеуге тиесілі, ал тағы 2,4 мың шақырымы жергілікті желіде жөнделуде.

Сонымен қатар, елде ақылы автожолдар желісі кеңейтіліп жатыр. Жақын арада қолданыстағы учаскелерге тағы алты жаңа бағыт қосылады: Қарағанды – Балқаш, Бұрылбайтал – Құрты, Ақтөбе – Қандыағаш, Талдықорған – Өскемен, Атырау – Астрахань және Меркі – Шу. Осыдан кейін ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымнан 6,7 мың шақырымға дейін артады.

Авиация саласын дамыту да жалғасуда. Қазіргі уақытта Қазақстанның әуе паркінде 111 ұшақ бар. Биыл оның қатары бір Airbus A321neo және екі Boeing 737 MAX 8 ұшағымен толықты. Халықаралық әуе қатынасы 32 елмен 158 бағыт бойынша жолға қойылған, ал халықаралық рейстер саны аптасына 915-ке жетті.

Сонымен бірге ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Арқалық әуежайын қалпына келтіру, Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайлар салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, Шымкент әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынуда. Сондай-ақ Алматы әуежайының терминалы модернизацияланып, Үржар мен Павлодардағы нысандар қайта жаңартылуда.

Теміржол саласында да өсім сақталып отыр. Бірінші жартыжылдықта теміржол арқылы 157,1 млн тонна жүк тасымалданды – бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,5%-ға артық.

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 5216 шақырымы жаңартылды, ал 2026 жылы тағы 1577 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Саладағы ең ірі жобалардың қатарында – «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосу, «Қызылжар – Мойынты» учаскесінің құрылысын бастау, «Алматы айналма желісі» жобасы бойынша жұмыс қозғалысын ашу, 124 теміржол возалын модернизациялау, сондай-ақ Ақтау портында контейнерлік хаб салу бар. Бұдан бөлек, 775 локомотив пен 2,7 мың фитингтік платформа жеткізуге келісімшарттарға қол қойылды, ал «Құрық – Баку» бағыты үшін құрғақ жүк кемесі сатып алынып, сегіз жаңа кеменің құрылысы басталды.

Автомобиль тасымалы саласындағы халықаралық ынтымақтастық та кеңейіп келеді. Бүгінде Қазақстанның 42 елмен келісімі бар. Рұқсатсыз тасымалдау жүйесі Түркіменстан, Иран және Түркиямен жұмыс істеп тұр, сондай-ақ Қытай аумағының түкпіріне транзиттік автотасымалдарды орындау құқығы алынды.

Жолдардағы бақылауды күшейту үшін елде 83 автоматтандырылған салмақ-өлшемді бақылау станциясы орнатылды. Олар ӘӘБТ (ЕРАП) жүйесімен біріктірілген, бұл ереже бұзушылықтарды тіркеуге және айыппұлдарды адамның қатысуынсыз, автоматты түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.

Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 

Негізгі қағида – рюкзак баланың бойына сай әрі ыңғайлы болуы, ал толық жиналған кездегі салмағы оның дене салмағының 10%-ынан аспауы керек.

Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 

ХЕҰ мәліметінше, 2025 жылы 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жеткен

Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды: Ол қашан іске қосылады? 

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.