Бастауыш оқушылары аралық бағалаудан өтеді: Мерзімі мен талаптары белгілі болды 

23-30 қыркүйек аралығында мектептерде 2-4-сынып оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау кезеңі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тішісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026-2027 оқу жылында 2-4-сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Бағалаудың екі түрі де оқу процесі барысында бірін-бірі толықтырады.

Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша өткізіледі. Оның форматы пәнге байланысты өзгереді.

Қазақ тілі немесе орыс тілінен диктант және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар орындалады. Бұл ретте оқушының мәтінді сауатты жазуы және оның мазмұнын түсінуі бағаланады.

Әдебиеттік оқудан шығарма немесе мазмұндама, сондай-ақ оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар беріледі. Мұнда мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау және өз ойын жүйелі жеткізу дағдылары ескеріледі.

Математикадан бақылау жұмысы өткізіледі. Оқушының есептеу дағдыларымен қатар, есептің шартын түсінуі, шешу жолын дұрыс таңдауы және жауабын негіздей алуы бағаланады.

Бір аралық бағалау жұмысына 40 минут беріледі. Ең жоғары балл 2-сыныпта – 12, 3-сыныпта – 14, 4-сыныпта 16 балды құрайды.

Формативтік бағалау тоқсан бойы жалғасады. Педагог әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуы тиіс. Нәтиже 1-10 балдық шәкіл бойынша бағаланады.

Каллиграфия арнайы бағалау мақсаты болмаса, оқушының жазу ерекшелігі оның бағасын төмендетуге негіз болмайды.

Айта кетейік, 1-сыныпта балдық бағалау жүргізілмейді.

Бағалаудың негізгі мақсаты – оқушыға баға қою ғана емес, оның оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтау, ілгерілеуін бақылау және одан әрі дамуына бағыт беру.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.