Кәсіпкерлікті дамыту

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған азаматшаларға арналған кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қысқа мерзімді мастер-класс ұйымдастырылды. Іс-шара Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өткізілді.

Мастер-класстың негізгі мақсаты – жазасын өтеуші азаматшалардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру, болашақта өз ісін ашуға бағыт-бағдар беру және олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету.

Шара барысында қатысушыларға бизнесті бастау жолдары, кәсіпкерліктің негізгі қағидалары, шағын бизнес идеяларды жүзеге асыру тәсілдері және қаржылық сауаттылық туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, табысты кәсіпкерлердің тәжірибелері мысал ретінде ұсынылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай шаралар сотталған азаматшалардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, олардың жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуына ықпал етеді. Кәсіпкерлік дағдыларды меңгеру – бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты табыс табудың тиімді жолдарының бірі.
Іс-шара соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, алған білімдерінің болашақта пайдалы болатынын атап өтті.

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...