«Кәсіби жолдың бастауы» атты тағылымдық кездесу ұйымдастырылды

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында WORKSHOP «Еңбек пен шеберлік» жоба шеңберінде «Кәсіби жолдың бастауы» атты тағылымдық кездесу ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыру, еңбек нарығында өз орнын табуға бағыт-бағдар беру және табысты мамандармен ашық сұхбат арқылы оларды шабыттандыру, еңбекке ынталандыру.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде «JapJARYQ» компаниясының бас директоры, көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман, өз ісінің шебері — Мусирманқұлов Нұрғали Пулатұлы шақырылып, ол өзінің еңбек жолындағы маңызды кезеңдер, кәсіби жетістіктері мен кездескен қиындықтар жайлы шынайы әрі әсерлі әңгімелеп берді.

Кездесу барысында жастар кәсіптік даму мен мансаптық өсудің құпияларына қанығып, еңбекке адалдық пен жауапкершілік, үздіксіз ізденіс пен шыдамдылық секілді қасиеттердің маңызын терең түсіне түсті. Сонымен қатар, қатысушылар мамандық таңдауда ескеретін негізгі факторлар, еңбек нарығындағы сұраныс пен мүмкіндіктер жайында құнды ақпарат алды.

Тікелей диалог форматында өткен бұл кездесу оқушылар мен студенттердің қызығушылығын тудырып, оларды белсенді түрде сұрақтар қоюға итермеледі. Осындай шынайы әрі өмірлік мысалдарға негізделген кездесулер жастардың болашаққа сеніммен қарауына және еңбек жолын дұрыс жоспарлауына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан үлкен алғыс білдіріліп, мұндай мотивациялық кездесулердің алдағы уақытта да өз жалғасын табуы қажеттігі атап өтілді.

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...