ҚҰРМЕТТІ ƏРІПТЕСТЕР!
Қазақстан Республикасы Судьялар одағы атынан Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Судья жəне сот қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Бұл күн – судьялармен қатар, əділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан, ел сенімін арқалаған сот жүйесінің қызметкерлері үшін ерекше маңызға ие. Судья – қоғам мен мемлекет тұрақтылығының кепілі, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың тірегі, ел дамуына үлес қосатын парасат иесі. Сот төрелігінің тарихы тереңде жатыр. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы əділдікті ту еткен дала заңдары мен билер инс титуты арқылы ұлттың бірлігі мен тұтастығын сақтап келген. Көшпелі қоғамда өмір сүрген халқымыздың құқықтық мəдениетінде Төле, Қазыбек, Əйтеке билер сынды ұлы тұлғалар əділет пен даналықтың белгісіне айналды. Олардың əділ шешімі мен көрегендігі, парасатты пайымы – бүгінгі сот жүйесінің рухани өзегі мен үлгі-өнегесі.

Билердің «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қасиетті қағидасы – бүгінгі заманның судьялары үшін де темірқазықтай қағылып, кəсіби қызметінің басты ұстанымына айналды. Осы асыл мұраны жалғастыру үлкен жауапкершілікпен қатар, мəртебелі міндет жүктейді. Қазақстан тəуелсіздік алған сəттен бастап, сот жүйесі жаңа серпінді даму кезеңіне қадам басты. Ел Конституциясында сот билігінің дербестігі айқын көрсетіліп, «Сот жүйесі мен судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бұл заң еліміздің сот билігіне жоғары сенім мен жауапкершілік жүктеп, судьялар корпусына кəсіби талапты арттырды. Бүгінгі таңда сот жүйесі – демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі, құқықтық мемлекеттің берік тірегі ретінде қалыптасты. Судья болу – бұл жай мамандық емес, үлкен сын мен жауапкершілік. Судья қабылдаған əрбір шешім адам тағдырына, қоғамның тұрақтылығына, ел бірлігіне əсер ететіні анық. Сондықтан бұл мамандық иелерінен терең білім, адамгершілік, сабыр мен салмақтылық, əділдік пен ар тазалығы талап етіледі. Бүгінде еліміздің судьялар корпусы осы жоғарыдағы үмітті толық ақтап келеді. Судьялардың кəсіби шеберлігі, заңдылық пен əділеттілікті қорғаудағы табандылығы – қоғамның сотқа деген сенімін арттырып, ел дамуының құқықтық негізін қалыптастырып отыр. Құқықтық мемлекеттің негізі, əділетке деген сенімді қалыптастыратын басты тіректің бірі – сот қызметкерлері. Олар ел мүддесі мен азаматтар құқығын қорғау жолындағы жауапкершілігі мол əрі аса маңызды миссияны атқаратын тұлғалар. Бұл міндет жоғары жауапкершілік пен кəсіби дағдыны талап етеді. Бүгінгі таңда Сіздердің ұқыптылықтарыңыз, тəртіпке беріктігіңіз, заңға адалдығыңыз – бүкіл сот жүйесінің беделін арттырып отыр. Елдің құқықтық мəдениетін дамыту, əділдік пен заң үстемдігін орнату жолында атқарған еселі еңбектеріңіз əрдайым тиісті дəрежеде бағаланатын болады. Құрметті судьялар мен сот қызметкерлері! Сіздердің адал еңбектеріңізге, əділ шешімдеріңізге, еліміздің құқықтық мəдениетін дамытуға қосып жатқан зор үлестеріңізге ерекше алғысымды білдіремін. Əділ сот төрелігін жүзеге асыру жолындағы қажырлы қызметтеріңіз – Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде орнығуының негізгі кепілі. Бүгінде сот жүйесінің алдында тұрған басты міндеттің бірі – сот төрелігінің сапасын арттыру, халықтың əділетке деген сенімін нығайту, сот шешімдерінің нақтылығы мен пəрменділігін қамтамасыз ету. Бұл бағытта Судьялар одағы сіздердің кəсіби мүдделеріңізді қорғап, тəжірибе алмасу жəне халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді жəне жүргізе бермек. Осы айтулы күні сіздерге жəне отбасыларыңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, еңбекте толағай табыс пен бақыт тілеймін! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз табысты, абыройларыңыз асқақ болсын! Əрбір қабылдаған шешімдеріңіз – əділеттіліктің айнасы, азаматтардың жүрегіне сенім ұялатар дана үкім болғай! Кəсіби мереке – Судья жəне сот қызметкері күні құтты болсын!
Досжан ƏМІР, ҚР Судьялар одағының төрағасы