Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотта істерді қараудың психологиялық аспектілері

Қазіргі қоғамда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарда қаралатын істердің ерекшелігі – сот процесіне психологиялық тұрғыдан әлі толық қалыптаспаған тұлғалардың қатысуында.

Осыған байланысты, сотта істерді қарау барысында тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың психологиялық жағдайын, жас ерекшеліктерін, эмоционалдық дамуын ескеру аса маңызды.Кәмелетке толмағандармен байланысты істерді қарауда психологиялық факторларды елемеу әділ сот төрелігінің жүзеге асуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан бұл тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады. Кәмелетке толмаған тұлғалардың психикасы толық қалыптаспаған, олар эмоцияға тез беріледі, қорқыныш пен қысымды ересектерге қарағанда ауыр қабылдайды. Психолог ғалымдардың пікірінше, жасөспірімдер өз әрекеттерінің құқықтық салдарын толық түсіне бермейді және көбіне эмоцияның ықпалымен әрекет етеді.

Сот процесі барысында кәмелетке толмаған бала өзін кінәлі сезінуі, үрейленуі, тұйықталуы немесе керісінше агрессия көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда судья мен сот процесіне қатысушылардың кәсіби және психологиялық дайындық деңгейі ерекше рөл атқарады.Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотта психологиялық қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру – әділ соттың маңызды шарттарының бірі. Сот отырысында қатал формализмнен аулақ болу, балаға түсінікті тілде сұрақтар қою, қысым көрсетпеу қажет.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот отырысына педагогтың немесе психологтың қатысуы көзделген. Бұл – баланың психологиялық жағдайын тұрақтандыруға және оның құқықтарының сақталуына бағытталған маңызды тетік.Кәмелетке толмағандар істерін қарайтын судья тек заңды қолданушы ғана емес, сонымен қатар белгілі бір деңгейде педагогикалық және психологиялық функцияларды атқарады.

Судья баламен қарым-қатынас жасауда сабырлы, бейтарап және сенімді болуы тиіс. Прокурор, қорғаушы және басқа да сот процесіне қатысушылар кәмелетке толмағанның жасын, психологиялық ерекшелігін ескере отырып әрекет етуі қажет. Қатқыл айыптау немесе дөрекі сұрақтар баланың психикасына кері әсер етуі мүмкін.Кейбір істерде кәмелетке толмағанның психикалық дамуы мен жағдайын анықтау үшін психологиялық немесе психиатриялық сараптама тағайындалады. Мұндай сараптама баланың өз әрекетіне есеп беру қабілетін, эмоционалдық жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.Психологтың қатысуы кәмелетке толмағанның шынайы көрсетпе беруіне, сот процесін дұрыс қабылдауына және психологиялық жарақат алмауына ықпал етеді.Қорытындылай келе, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотта істерді қарау тек құқықтық ғана емес, сонымен қатар күрделі психологиялық процесс болып табылады. Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі.Сот процесінде психологиялық қолайлы жағдай қалыптастыру, мамандарды тарту және сот қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру кәмелетке толмағандардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жасөспірімдердің қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеуге және олардың қоғамға дұрыс бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

А.Т.Алшинбаева, Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынын аудандық және оларға теңестірілген сот әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы

Юридический факультет КазНУ как платформа для развития правовых инноваций

Казахский национальный университет имени аль-Фараби — это признанный флагман...

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің негізі...

Кассациялық соттардың құрылуы: құқық үстемдігін нығайтудың жаңа кезеңі

        Сот жүйесін жетілдіру – құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің...

Электронды атқару құжаттарын жіберу тәртібі және олардың тиімділігі

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты адамдар арасындағы байланыс...