Күзгі аллергияның алдын қалай алуға болады?

Даланы алтын түске бояған қоңыр күз мезгілі адам жанарын қуантқанымен, маусымдық аллергияның өршитін мезгілі.

 Маусымдық аллергия  тамыз айының соңы, қыркүйек және қазан айларында күшейе түседі. Тоқтаусыз түшкіру, мұрын бітелуі және көздің қызарып қышуы, адамды мазасыз күйге бөлейді. Сондықтан күзгі аллергиямен  күресу жолын іздеп, оның алдын алу  шараларын назарларыңызға ұсынамыз.

 Мезгіл ауысқан шақта адам ағзасында табиғи бейімделу процесі іске қосылады. Осы тұста иммунитет бәсеңдеп, күйзеліске ұшырайды. Бұл қарапайым био құбылыс кезінде әлсіз ағзаға жүктеме түскен соң, жағымсыз бактериялардың енуіне төтеп беру қиынға соғады. Негізі күзде және көктемде пайда болатын маусымдық аллергия ауадағы зең саңырауқұлақтары мен өсімдік тозаңының кесірінен қозады. Маусымдық аллергияның алдын алудың қандай жолдары бар? Маман кеңесіне жүгінген едік.

“Allergo clinic” клиникасының аллерголог-иммунолог маманы Данара Артығалиева Нұрланқызы күзгі аллергияның басты қоздырушыларын атап,  күресу жолдарын ұсынды.

«Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары күздің бастапқы екі айында маусымдық аллергиядан қатты қиналады. Неге десеңіз,  дәл осы уақытта Батыс Қазақстанның жартылай жазық және жартылай шөлейт жерлерінде   көптеп өсетін арамшөптер (жусан, ақбас емен, алабота және қурай ) аллергия қоздырады. Сол секілді Іле Алатауында таралған иманжапырақ, қосүйлі қымыран және қамзол ауаға тозаңдарын көп бөледі. Аталған барлық шөптер жел арқылы тозаңданатын өсімдіктер классына жатады. Бұл өсімдіктер ауаға сперматогония аталық жасушасын бөледі. Демек, тозаңдану кезеңінде жалпы есеппен ауаның 1 куб метрінде 10 мыңға жуық ойраншөп пен жусан тозаңы қалқиды. Сондықтан осы кезеңде аллергияға шағымданатын науқастардың саны күрт өседі».

Алдын алу шараларын айта кетсек:

  • Далаға барынша таңертең және кешке шықпаған жөн. Өйткені осы уақытта тозаң концентрациясы жоғары деңгейде жүреді.
  • Тозаң шашқа, теріге және киімге қонады. Сырттан келген соң бірден беті қолыңызды сабындап жуып, киіміңізді ауыстырыңыз.
  • Үйді тозаңнан қорғау қажет. Терезені ашудың орнына, арнайы ауатазартқыш құрылғыларды тұтынған жөн.
  • Иммуниттеті күшейту керек. Құрамы С және D дәрумендеріне бай тағамдарды (цитрус, жаңғақ , балық, бал т.б.) көбірек тұтыныңыз . Ұйқы режиміне аса назар аударыңыз. Физикалық белсенділікті арттырыңыз.
  • Ағзаға жеткілікті мөлшерде су ішіңіз. Су токсиндерді шығарып, шырышты қабықтардың құрғап қалмауына көмектеседі.
  • Аллергия белгілері анық байқалған жағдайда аллерголог-иммунолог маманның көмегіне жүгінген жөн. Аллергенді анықтайтын сынақ тапсырыңыз. Анитигистаминді препараттарды дәрігердің кеңесімен тұтыныңыз. Мұрынды тұз ерітіндісімен шайып тұрыңыз.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...