12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПОЛИЦЕЙІ NOMAD WRESTLING 2 ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Алматы қаласындағы Sadu Arena аренасында өткен Nomad Wrestling 2 турнирінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметінің инспекторы Азамат Бақытов жеңіске жетті.
Жеңімпаз спортшы және бірінші Nomad Wrestling Гран-при жеңімпазы Азамат Бақытов бұл жолы джиу-джитсудан әлем чемпионы Руслан Исраиловпен шықты. Тартысты жекпе жекте қарсыласын екі ұпай артық көрсеткішпен тізе бүктірген Азамат Бақытов спорт сүйер қауымды тосын тәсілдерімен тәнті етті.
Азамат аралас жекпе-жекте жұлдызы жарқыраған спортшы. Ол 2015 жылы Қазақстан чемпионы, 2017 жылы Қазақстан Кубогының чемпионы, 2016 жылы Азия жүлдегері, грепплингтен 5 дүркін Қазақстан чемпионы және 2 дүркін Азия чемпионы, 2018-2019 жылғы әлем чемпионатының финалисі, бірінші Nomad Wrestling көшпенділер ойындарының чемпиондық белдігінің иегері. Сондай- ақ Alash Pride, M-1 Global, NFC, Хардкор-де лигаларында рекорд орнатқан кәсіби спортшы.
Полиция қызметкерлерінің арасында қызметте үлгі көрсетумен қатар, спорт саласында да жеңісті биікті бағындырып жүрген спортшыларымыз аз емес. Солардың ішінде ,Азамат Бақытовтың алып жүрген асулары биік. Бүгінгі Жеңіс спортсүйер қауымды зор қуанышқа бөлеген жеңіс болды.
Алты алаш көз тіккен Nomad Wrestling жарысында екінші рет жүлдегер атанған әріптесімізді спорттағы жеңісімен құттықтаймыз.

Министр иностранных дел Казахстана прибыл с рабочим визитом в Афганистан

По приглашению афганской стороны Заместитель Премьер-министра – Министр иностранных...

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы...

Әке үмітін ақтаған ұл

   Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының...

Білікті маман Мамытов

Мақаламыздың кейіпкері – Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі бастығының ...