12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Үйлену оңай, үй болу қиын»

Барлық мәселенің түйінін бір ғана мақалдың аясына сыйдырып кеткен бабаларымыздың көрегендігіне, кемеңгерлігіне таңғаласың. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мәтелдің астарында да отбасын құру мен оны ұстап тұрудың жауаптылығы жатыр. Бүгінде осы сөздің төркініне үңілетіндер аз. Тіпті, қазақы тәрбие алып отырған ауылдық жерлердің өзінде соңғы жылдары ажырасудың көбеюі алаңдатпай қоймайды.
Қанша айт­қан­мен, ауыл қаза­қы­лықтың, ұлттық салт-дәстүрді сақ­таудың қайнар бұ­лағы саналады. Бұ­рын отбасында ұрыс-керіс болыпты, ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдапты дегенді сирек еститін едік. Ара-тұра жанұяда келіспеушілік туындағанын білсе ақсақалдар сол отбасына келіп ақылын айтып, ерлі-зайыптыларды жарастырып жіберуге барын салатын. Ал қазір дәл осы араағайындықтан да алыстап бара жатқандай кө­рінеміз. Өйткені, бүгінде ұрысып, ырың-жырың болған жастарды жарастыруға ауылдың қариялары тұрмақ, екі жақтың ет жақындары, ата-анасы да араласпайды. Батыстық психологияның әсерімен «Әркім өз тағдырын өзі шешсін» деген самарқау түсінік орын алған. Ұлы мен қызының арасына түсуді үлкендер ұят, ар көреді. Бұл дұрыс көзқарас емес. Осындай немкеттіліктің кесірінен қаншама шаңырақ ортасына түсіп, қаншама бала толық емес отбасында тәрбиеленіп жатыр.
Сотқа келген азаматтарға ақыл айтып, жол көрсету, ажырасудың салдары ауыр болатынын түсіндіру біздің парызымыз. Бірақ біз өз ақылымызды тараптарға таңа алмаймыз, олардың шешімін күшпен өзгерте де алмаймыз. Соттың құзырына берілгені – ерлі-зайыптыларды бірден ажырастыра салмай, ойлануына, ақылмен шешім қабылдауына алты ай мерзім көлемінде уақыт беру ғана. Ары қарай өз пікірін өзгертпей, қосылуға ниет танытпаған жандардың некесін сақтап қалу сот­тың қолынан келмейді. Қайта қазір ауданда құрылған Билер кеңесі мен «Бастау» тобы ерлі-за­йыптыларды татуластыруға барынша атсалысып келеді. Дегенмен, сот алдына келген ерлі-зайыптыларға ортақ мәселені де айтпай кетуге болмайды. Біріншіден, қазіргі жастар өзгелердің пікірін тыңдауға құлықты емес. Екіншіден, жастардың өркөкіректігі, бір-бірінің сөзін сыйламауы қалыпты жағдайға айналған. Үшіншіден, қазіргі жастар ата-анасының күйзелісіне, өз баласының ертеңгі тағдырына бас қатырмайды. Өзімшіл жандарға бұрынғы жұбайының алдында төмендемеу бәрінен де маңызды.
Сот тәжірибесіндегі неке бұ­зу деректеріне көз жүгірткенде үйленгендеріне бес жыл толма­ған жастардың ажырасуы жиі кездесетінін байқауға болады. Ажырасуға бел буғандар тұрмыстық жағдайдың қиындығын, мінездерінің жараспауын, ерінің ішімдік пен нашаға тәуелді болуын, көзге шөп салуын алға тартып жатады. Кейбір жұптар сот тарапынан ойлануға берілген уақыт ішінде татуласып, отбасын сақтауға тырысады. Ал кейбір жұптардың шешімін еш­қандай ақыл да, уақыт та өзгерте алмайды. Қалай болғанда да ажырасу тек шағын отбасының емес, мемлекеттің мәселесі екенін түсінетін, соған орай нақты шаралар қабылдайтын кез жетті. Өйткені, Отанның өзі отбасындағы сыйластықтан, тыныштықтан басталады.

Ерлан Ілиясов,
Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының төрағасы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...