Әйелдер колониясындағы балалар үйіне көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айында Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/4 (әйелдер колониясы) мекемесіне Іле аудандық маслихатының депутаты Абдрахман Құрылтайұлы Мұрат және меценат бизнесмен Ерлан Амангельдиевич Сисенбердиев келді.

 Қонақтар мекемедегі «Балалар қалашығындағы» аналар мен балаларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, сыйлықтарды, яғни балалар аяқ киімдерін, ойыншықтарды, жөргектерді, балалар киімдерін, жеміс-жидектерді, ылғалды майлықтарды және тәттілерді табыс етті.

 Мекеме бастығы әділет полковнигі В.В.Ким және «Балалар қалашығындағы» балалары бар сотталған әйелдер келген қонақтарға көмек көрсеткендері және гуманитарлық көмектері үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Қандай жағдайда болсын ана мен бала әрдайым көңіл аударар еліміздің әлеуметтік осал топтарға жататын, ерекше қамқорлықты қажет ететін топ.

 Осыны естен шығармай көмек қолын созған азаматтарымызға алғысымыз шексіз!

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

В учреждении №21 города Семей прошёл «Тазару күні»

В учреждении №21 города Семей был организован и проведён...

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...