12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті

15 қыркүйек күні елімізде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» ұйымдастыруымен ауқымды республикалық «JARQYRA» кастингі өтті.

Жоба бүкіл Қазақстанды қамтыды. Кастинг еліміздің 19 қаласында бір мезетте өтіп, отандық кинематография тарихындағы ең ірі шаралардың бірі болды. Сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін мәдениет ошақтарында өткен іріктеуге 1000-нан астам адам қатысып, ұлттық киноның бір бөлігі болуға ниет білдірді.

Қатысушылардың қатарында облыс орталықтарынан бөлек, аудан-ауылдан келген тұрғындар да болды. Бұл қазақстандықтардың кино өнеріне деген ықыласын, жоғары деңгейдегі қызығушылығын және де шығармашылық салада өздерін сынап көруге деген ұмтылысын көрсетті.

Қатысушылардың анкеталары Сараптама кеңесі тарапынан мұқият зерделенді. Бағалау кезінде актерлік қабілет, сахналық образды бейнелеу шеберлігі және кәсіби дамуға деген әлеует ескерілді. Кастинг қорытындысы бойынша 705 қатысушы Кино орталықтың актерлік базасына енгізілді.

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали кастингке қатысушылардың жоғары деңгейін және жобаның салалық маңызын атап өтті:

“JARQYRA” кастингі Қазақстанда қуатты шығармашылық әлеуеттің бар екенін және түрлі буын өкілдерінің кино саласында кәсіби жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Әр қатысушының шығармашылық көзқарасы, тәртібі мен шынайы ынтасы қуантады. Іріктеу оңай болған жоқ. Сараптама кеңесінің алдында көптеген дарынды үміткерлердің арасынан үздіктерін таңдау міндеті тұрды. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы отандық киноиндустрияны дамыту, жаңа есімдерді ашу және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыра береді».

«JARQYRA» жобасы — ұлттық киноны дамытуға, саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға және отандық кинематографтың өркендеуіне үлес қосқысы келетін шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған.

Кастингтен өткен қатысушылардың анкеталары Кино орталығының ресми сайтына – www.kazakhcinema.kz – орналастырылады. Онлайн актерлік база продюсерлер мен кинокомпанияларға жаңа есімдерді ашуға, дарынды актерлерді табуға және болашақ фильмдерге шығармашылық топтар құруға мүмкіндік беретін заманауи құралға айналады.

Ауқымды «JARQYRA» кастингі Қазақстанда ұлттық киноны дамытуға ынталы, белсенді әрі талантты буынның өсіп келе жатқанын көрсетті. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бұл бастаманы әрі қарай дамытып, жас мамандардың кәсіби жетілуіне қолдау көрсетуді жалғастырады.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...