Ұйқы безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің сарапшылары ұйқы безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін атады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Express басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісіктің алғашқы белгілерінің бірі — іштің жоғарғы бөлігі және арқаның жиі ауыруы. Ол тамақ ішкенде немесе алға еңкейгенде де байқалуы мүмкін.

«Ұйқы безінің қатерлі ісігі пайда болғанда іштің жоғарғы бөлігі, кейде арқа ауырсынуы мүмкін. Мұның бәрі дененің жағдайына байланысты. Осы белгілерді байқасаңыз дәрігерге қаралыңыз. Бұл аурудың дамуын болдырмауға, оның алдын алып, ем қабылдауға көмектеседі», — дейді мамандар.

Ұйқы безінің қатерлі ісігі — қатерлі ісіктің ең көп таралған алты түрінің бірі. Бастапқы кезеңде симптомдар жеңіл немесе мүлдем болмауы мүмкін.

Ең жиі кездесетін симптом — сарғаю. Себебі ісік өсіп, өт жолдарын басады. Ұйқы безінің қатерлі ісігінің басқа белгілеріне нәжістің өзгеруі, іштің кебуі, зәр түсінің өзгеруі, тәбеттің немесе салмақтың төмендеуі, шаршау, қызба, қалтырау жатады.

Дәрігерлер бұл аурумен ауыратындар тобына темекі шегетіндер, ішімдік ішетіндер, артық салмақпен ауыратындар, созылмалы панкреатитпен ауыратын 75 жастан асқан, қызыл және өңделген етті көп тұтынатын адамдар жататынын атап өтті.

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық...

Референдум-2026: незрячим казахстанцам будем доступна аудиоверсия новой Конституции на участках голосования

В Казахстане продолжается масштабная подготовка к республиканскому референдуму. Как...

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық аясында комиссия мүшелерін кәсіби оқыту...

Интернеттегі діни ықпал белгісі мен қаупі

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты #79 әйелдер түзету...