Соңғы жылдары елімізде төрт аяқтылардың құқығын қорғауға көңіл бөліне бастағалы бері ел ішінде иесіз ит көбейді. Таланып жатқан балалар да бар. Ашыққан ит малға да шабуыл жасап жатыр. Әйтсе де тиісті органдар талаған итті уақытша оқшаулағанымен, біраз уақыттан соң босатып жіберуге мәжбүр. Өйткені заң солай! Төрт аяқтылардың құқығын қорғадық ау, ал енді таланған, малынан айырылып, ауыл ішінде өріп жүрген иттен халықты қалай қорғасақ екен…