Италияда өткен Олимпиада: қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алады?

Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындарындағы нәтижесі үшін 255 мың доллар сыйақы алады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан заңнамасына сәйкес Олимпиадада 1-6-орын алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйақы қарастырылған. Биыл ел намысын қорғаған 36 спортшының ішінен жүлделі орынға тек екеуі ілікті.

Надежда Морозова 3000 метр қашықта 6-орынға тұрақтады. Енді өзі де, жаттықтырушысы да 5 мың доллардан (шамамен 2,5 миллион теңге — еск.) алады.

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын медаль жеңіп алды, ол 250 мың долларға бағаланады (шамамен 124,5 миллион теңге — еск.). Михаил Шайдоровтың жеңісі — тарихи жетістік.

Заң бойынша мемлекет сыйақыны бір жылға дейін кешіктіруге құқылы. Бұл уақыт аралығында спортшылар допингке қатысты барлық тексерістен өтіп, қаражат резерв қорынан бөлінеді. Қазір нақты төлем мерзімі белгісіз.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.