12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Іш киіміне есірткі жасырған шетелдік ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа «Капелла» атты қызметтік ит белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады.

Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған жедел уәкілдер ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады. Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні тінту кезінде іш киімінің ішінен есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың «гашиш» екені расталды.

Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын заңдарды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...