12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ипотека және несиелер. Қазақстандықтар қандай қарыздарды жиі рәсімдейді?

2022 жылдың 1 қазанынан бастап барлық қаржы институты, соның ішінде ломбардтар мен онлайн шағын қаржы ұйымдары берілген несиелер туралы ақпаратты күнделікті ұсынуға міндетті болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл шаралар кірісінің 50 пайызын несиені өтеуге беріп отырған қазақстандықтардың жаңа несие алуға өтініш бере алмауы және осылайша, қарыз ауыртпалығын күшейтпеу үшін жасалып жатқанын түсіндірді. «Бірінші Несие Бюросы» ЖШС мәліметі бойынша, 1,8 миллион адам кем дегенде бір несиесі бойынша кемінде бір күн төлеу мерзімін кешіктіріп отыр. Tengrinews.kz редакциясы Бірінші несие бюросымен бірлесіп қанша қазақстандық банктер мен қаржы ұйымдарына қанша қарыз екенін анықтауды ұсынып отыр.

Қазақстандықтардың несие портфелі 1 шілдедегі жағдай бойынша 12,9 триллион. 2022 жылы қазақстандықтар былтырғымен салыстырғанда несиені жиі алған.

Көбіне қазақстандықтар тұтынушылық кепілсіз несие рәсімдейді.

Ипотека мен автокөлік несиесі де қазақстандықтар арасында танымал.

Автонесие көлемі — 1,35 триллион теңге. 2021 жылмен салыстырғанда 54,7 пайызға немесе 476,4 миллиард теңгеге өскен.

Бұл ретте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында осы несие өнімдері бойынша игерілу көлемі 2021 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда төмендеген. Осылайша, берілген тұтынушылық кепілсіз несие көлемі 3,3 триллион теңгеден 2,85 триллион теңгеге, ипотекалық несие 1,14 триллион теңгеден 1,04 триллион теңгеге, автонесие 398,2 миллиард теңгеден 367,6 миллиард теңгеге дейін қысқарған.

Бюро несиелік тарихты жаңарту 15 күн ішінде жүзеге асырылатынын атап өтті. 12 қыркүйектен бастап қазақстандық банктер мен басқа да қаржы ұйымдары ақпаратты әр 10 күн сайын жаңартып отырады. 1 қазаннан бастап мәліметтер Бірінші кредиттік бюроға күн сайын жіберілетін болады.

Бірінші кредиттік бюро мәліметі бойынша, несие тарихында қаржылық және қаржылық емес ұйымдардағы, банктер мен ШҚҰ-дан бастап, тауарларды бөліп төлеуге беретін қаржылық емес компанияларға және табиғи монополия субъектілеріне дейінгі кез келген несиелер көрсетіледі. ЖШС 2017 жылдан бастап ломбардтар да бюроға қарыздар туралы ақпаратты беріп жатқанын атап өтті.

Дайындаған Әйгерім Әбілмәжитова

Құстарды тамақтандырғаныңыз үшін айыппұл қарастырылған ба?

Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер...

Через факты, а не эмоции: депутат объяснил, почему Казахстан растёт, даже если этого не чувствуют

Депутат Мажилиса Болатбек Алиев заявил, что разговоры о «постоянном...

КазНУ им. Аль-Фараби: от Дня основания до “Farabi HUBа”

15 января на факультете Филологии Казахского национального университета имени...

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелге шығуы, халықаралық деңгейде білім...

Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда...