12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Инвесторлар Қазақстанның өнеркәсіп және логистика саласына салынған инвестицияларды арттыруда

Қазақстан инвестициялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – ел экономикасы біртіндеп шикізаттық модельден технологиялар, өңдеу өндірісі және тұрақты өсімге негізделген экономикаға өтуде.

Бұл трансформацияның өзегінде Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы тұр. Олар инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін бірыңғай оператор әрі елдің инвестициялық саясатын іске асырушы негізгі құрылым болып саналады.

Соңғы үш жылда Қазақстан 69 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты, оның шамамен 20%-ы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылы бұл көрсеткіш 14% болған. Бұл ел экономикасының біртіндеп әртараптандырылып, шикізаттық тәуелділіктің төмендеп келе жатқанын көрсетеді.

Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялар көлемінің 60%-дан астамын өзіне тартып, өңірлік көшбасшы мәртебесін сақтап отыр. БҰҰ-ның ЭСКАТО ұйымының деректері бойынша, 2024 жылы елге 15,7 млрд доллар жаңа жобалар келіп, бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 88%-ға артқан.

Қазақстан сенімді және ашық серіктес ретінде танылды. Ел инвесторларға бизнес жүргізудің түсінікті ережелерін, салықтық жеңілдіктерді, инвесторларды қорғау тетіктерін және заманауи цифрлық инфрақұрылымды ұсынады.

Халықаралық рейтинг агенттіктері де елдің тұрақтылығын растап отыр:

            •           Moody’s агенттігі 2024 жылы Қазақстанның егемендік рейтингін Baa1 деңгейіне дейін көтеріп, «тұрақты» болжам берді;

            •           IMD World Competitiveness Ranking тізімінде Қазақстан әлемнің ең бәсекеге қабілетті 35 экономикасының қатарына енді.

Қазақстанға негізгі инвестициялар АҚШ, Еуропалық Одақ елдері, Қытай және БАӘ тарапынан түсуде. АҚШ компаниялары аймақтық инвестициялық экожүйеде ерекше рөл атқарады: Қазақстан Орталық Азиядағы америкалық инвестициялардың 60%-дан астамын және АҚШ-тың өңірмен саудасының 75%-ға жуығын қамтамасыз етеді.

Бүгінде инвестициялар құрылымы да өзгеріп келеді – бұрын басым бөлігі мұнай-газ секторына бағытталса, қазір қаржы өңдеу өнеркәсібіне, агроөнеркәсіпке, медицина мен фармацевтикаға, логистика және цифрлық технологияларға көбірек салынып жатыр.

Қазір Қазақстанда 630-дан астам америкалық компания жұмыс істейді, олардың қатарында:

            •           Chevron және ExxonMobil – Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жобалары бойынша;

            •           Wabtec – жаңа буынды локомотивтер өндіру;

            •           PepsiCo – Алматы облысында 368 млн долларлық снэк зауытын салуда;

            •           GE Healthcare – медициналық жабдық өндірісін жергіліктендіруде;

            •           Cove Capital және Tau-Ken Samruk – сирек жер металдарын барлау жобаларын іске асыруда.

Сонымен қатар Meta, Amazon, OpenAI және NVIDIA компаниялары жасанды интеллект, спутниктік байланыс және цифрлық инфрақұрылым салаларында жобалар дамытып жатыр.

Инвестициялық жүйенің үйлестірушісі ретінде Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» толық циклді қызмет көрсетеді:

жобаны таңдау, келісім алу, іске асыру және постинвестициялық мониторинг жүргізу.

Маңызды құралдардың бірі – Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰЦИП). Бұл жүйе әрбір жобаның орындалу барысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.

«Осы құрылымдар арқылы жаңа өнеркәсіптік өсімнің негізін қалайтын жобалар іске асуда. Соңғы екі жылда компания жалпы сомасы шамамен 2,3 млрд долларды құрайтын 65 жобаны қолдады. Қазақстанның инвестициялық саясатының мақсаты – 2029 жылға дейін 150 млрд доллар инвестиция тарту», – дейді Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.

Тек соңғы екі жылда компания жалпы сомасы 2,3 млрд долларды құрайтын 65 жобаны қолдаған. Елдің инвестициялық саясатының стратегиялық мақсаты – 2029 жылға дейін 150 млрд доллар инвестиция тарту.

Инвестициялық саясат нақты нәтижеге бағытталған – қанша кәсіпорын салынды, қанша жұмыс орны ашылды, бюджетке қанша салық түсті.

Мысалы, агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бағытында Қазақстан үлкен көлемде ауылшаруашылық өнімін өндіреді, бірақ өңдеу деңгейі төмен. Қазіргі уақытта 6 млрд доллардан астам инвестициялық келісімдер жасалды.

Сонымен бірге өңірлердің өз қажеттіліктеріне негізделген «инвестицияға тапсырыс» механизмі енгізілді. Акиматтар өңірдің нақты сұранысына қарай («агроөңдеу», «құрылыс материалдары өндірісі», «логистика») өтінім береді, ал «Kazakh Invest» сол салаға лайық инвесторларды іздейді. Бұл тәсіл нақты және тиімді инвестициялық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

2025 жылы ғана 13 млрд доллардан астам келісімдерге қол қойылды. Олардың ішінде:

            •           «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі,

            •           QazaqArab Sugar зауыты,

            •           Fufeng Group және Dalian Hesheng Holdings индустриялық парктері бар.

Инвестициялық саясаттың негізгі халықаралық алаңы – Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2025) форумы 31 қазанда Астанада өтеді.

Форум аясында әлемдік экономика көшбасшылары, халықаралық қаржы институттары, мемлекеттік органдар және ірі компаниялар бас қосады. Қатысушылар қатарында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, сондай-ақ PepsiCo, Stadler, Roca Group, Alstom, Air Liquide, Carlsberg, KIA секілді ірі брендтер бар.

Биылғы форумның басты тақырыбы – «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық өсім орталығы».

KGIR-2025 аясында жалпы сомасы 7,5 млрд доллар болатын шамамен 50 құжатқа қол қойылады. Олардың қатарында бидайды терең өңдеу кешені, Солтүстік Қазақстандағы қант зауыты, Coca-Cola Almaty Bottlers зауыты, сондай-ақ жасыл энергетика және қалдықтарды өңдеу жобалары бар.

Бұл бастамалар капитал тартудан гөрі қосылған құн тізбегін құруға және тұрақты өндіріс негізін қалыптастыруға бағытталған.

Әлібек Қуантыров: Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту

Бүгін Астанада KGIR‑2025 алаңында «Логистикалық трансформация және болашақтың азық-түлік...

Жанара Берікқызы: «Нарық Қазақстанды тұрақты өсімі бар, сенімді серіктес ретінде қабылдап отыр»

Елімізде сыртқы факторларға тәуелділікті азайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға...

KGIR-2025: Астанада Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтті

Бүгін Астанада Қазақстанның негізгі инвестициялық форумына айналған KGIR-2025 –...

Бахтияр Тлеубеков: АХҚО бүгінде Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпірге айналды

Бүгін Астанада KGIR-2025 жаһандық инвестициялар жөніндегі форум басталды. Инвестициялық...

Токаев: Образование и наука – движущие силы, способные изменить мир

О важности обеспечения равного доступа к высшему образованию для...